
ҚР Орталық сайлау комиссиясы Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевті Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеді.
Tengrinews.kz хабарлағандай, бүгін 28 ақпанда Орталық сайлау комиссиясының отырысы кезінде «Нұр Отан» партиясының мүшесі Серік Жұманғалиұлы Сәпиевті Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеу шешімі қабылданды. ОСК шешімі Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 28 қыркүйегіндегі Конституциялық заңының 46, 97-1 және 98-бабына сәйкес қабылданды. ОСК төрағасы Берік Имашев Серік Сәпиевке ҚР Парламент Мәжілісі депутатының куәлігі мен төс белгісін табыс етті.