jasqazaq.kz

Серік Сәпиев: Біз әрдайым халыққа қызмет еттік

28 ақпан 2017, 11:36

Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты болғанына қатысты өз пікірін білдірді. Сәпиевтің айтуынша, бұл шешім туралы ол ұзақ ойланған, ал бір тоқтамға келгеннен кейін «Нұр Отан» партиясына хат жазған.

Tengrinews.kz хабарлағандай, менің кандидатурамды қолдаған үшін партияға алғысымды білдіремін. Орталық сайлау комиссиясының мүшелері де қолдап дауыс берді. Оларға да алғысымды айтқым келеді. Біз әрдайым елге қызмет еттік. Спортшы болған кезде де, депутат болып та қызмет етеміз. Халық үшін, еліміздің дамуына үлес қосу үшін еңбек етеміз. Біршама жоспарларым да бар. Бірақ олар жұмыс барысына байланысты болады», — деп ойын айтты спортшы. Атақты боксшы алдымен жұмыс ретіне үйреніп алу керектігін айтады. Осыдан кейін ойдағы жоспарларын іске асырмақ. «Алдымен жұмыс ретіне үйренісіп алайын, сосын мәселелерге көшемін. Негізінен бәрі түсінікті, бәрі анық — халыққа қызмет ету, тоқсан сайынғы сапарлар. Бәрі былай түсінікті. Біз спортшылар әрдайым тәртіп пен еңбекке үйренгенбіз, бұл қасиеттер жаңа жұмыс орнында маған қажет болады деп ойлаймын», — дейді Сәпиев. Бүгін, 28 ақпанада Орталық сайлау комиссиясының отырысы кезінде «Нұр Отан» партиясының мүшесі Сәпиев Серік Жұманғалиұлын Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты ретінде тіркеу шешімі қабылданды. ОСК төрағасы Серік Сәпиевке ҚР Парламент Мәжілісі депутатының куәлігі мен төс белгісін табыс еткен болатын.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді