jasqazaq.kz

Серік Күдебаев 10 жылға сотталды

28 сәуiр 2023, 17:19

Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев 10 жылға сотталды. Ол жазасын қылмыстық атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтейтін болды.
Серік Күдебаевқа билік пен лауазымдық өкілеттігін пайдаланғаны туралы айып тағылған болатын. Бірақ Күдебаев соңғы сөзінде кінәсіз екенін айтты.
«Мен кінәлі емеспін. Тағылған айыппен келіспеймін. Халқыма оқ атпадым. Сот алдындағы процестерде жасаған әрекеттерімнің барлығы заңды екенін айтқанмын. Ешқандай азаптау болған жоқ. Жәбірленушілердің өздері оны жоққа шығарды»,- деді ол.
Бүгін сағат 11:00 де өтуі тиіс сот отырысы бірнеше сағатқа кешігіп басталды. Серік Күдебаевті сот залына арнайы күзетпен жеткізді. Сот отырысы 13:25-те басталды. Процесс басталмас бұрын Серік Күдебаевтің ұлы Арман Мырзақұлов әкесінің елге өз еркімен келгенін мәлімдеді.
Прокурор судьядан С.Күдебаевқа 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Алматы облыстық Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Күдебаев қаңтар оқиғасына қатысты күдікті деп танылған еді.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі