jasqazaq.kz

Серік Аббас-Шах: Жаңа басшымыздың ұлы төңкеріс жасайтын сиқыршылығы жоқ

16 наурыз 2017, 0:46

Біраз оқырманым жекеге жазып, журналист Арман Сқабылұлының «NUR.KZ» порталына берген бүгінгі сұхбатына байланысты ой-пікірімді сұрапты. Бұл туралы ол өзінің facebook парақшасында жазды.

1.Арман — жақын досым, курстасым. Бірақ, ол тәуелсіз журналист. Оның да өзіндік ұстанымы бар. Сұxбатта айтылған жәйттер өз арамызда онсыз да жиі талқыланып жүрген-ді. Жиі дауласатынымызды жасырмаймын. Сондықтан, проблемаларды ел алдына жайып салған бүгінгі әңгімесіне онша таңданбадым. Бірақ, аталмыш жазбаның елге танымал сайтта жария көргеніне аздап қынжылатынымды жасырмаймын. Бұрын «қой-қойға қоя салатын» досымның «ашуына тиген бір себеп бар, әйтеуір (өз айтуынша). Қалай болғанда да, Арекеңнің ащылау айтқан сын-пікірін, әріптес досымның жанашырлық назы деп қабылдаймын.

2. Жұмыс ауқымы өте үлкен мекемеге Ерлан Карин мырзаның төраға болып келгеніне көп уақыт болған жоқ. Ерекең келе салысымен ақ, корпорациядағы барлық кемшілік жойылып, жұмыстың бәрі түзеле қалады деп босқа үміттенбеңіз. Аз уақыт ішінде, Карин түгіл Мәскеулік телебесаспап Костя Эрнестің өзі де төңкеріс жасай алмасы анық. Бұл ұзақ әрі ауқымды процесс.

3.Ерлан Карин өзімен бірге Ұлттық арнаға да, «Балапанға» да, «KAZsport-қа» да жаңа команда алып келген жоқ (бүгінге дейін осылай, әйтеуір). Телеөнім иелерінің бәрі дерлік — осы қара шаңырақтың астында қызмет істеп жүрген жастар. Аутсорсингтік студияларға тапсырыс беру жұмыстары енді ғана басталуда. Сондықтан, жаңа төраға қол сыбана іске кіріссе де, «қазақстандықтардың» шабыты шарықтап, «шедевр телеөнімдер конвейері» іске қосылып кетпеді. Жаңа басшымыздың ұлы өзгеріс жасай салатын сиқыршылығы жоқ. Айналдырған отыз бес күн ішінде реформа жасап үлгермейсіз.

4.»Қазақстан» корпорациясы жер бетінен қашықта ұшып жүрген бөлек ғаламшар емес. Бұл да осы қоғамның бір бөлшегі екенін ұмытпайық. Мұнда да «күн» бар, мұнда да «көлеңке» бар. Мұнда да «көкешкілер» қоңырауы жиі естіліп тұрады. Мұнда да мықты мамандардың тапшылығы айқын сезіледі. Проблемалардың бәрін еден бетіндегі шаң-тозаң сияқты сыпырып тастай алмайсыз. Жаңа басшыға аздап болса да уақыт беріңіздер. Ол өзгеріс жасауға өте мүдделі.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде