jasqazaq.kz

Серік Ақылбай: Терроризмге айдап салушыға да өлім жазасы

07 қараша 2016, 12:53

20160829141135

Парламент Сенатының депутаты Серік Ақылбайдың ойынша, лаңкестік әрекетті орындаушыларды ғана емес, оны ұйымдастырып, адамды терроризмге итермелеген арандатушыларды да өлім жазасына кесу керек.

«Ондай адамдарды ату керек. Бүгінгі Қылмыстық кодекске терроризм үшін ғана емес, оны ұйымдастырып, адамды ондай әрекетке итермелегені үшін де өлім жазасын енгізу керек. Неге? Себебі террорлық актіні жасайтындар ол — орындаушылар ғана. Олардың миын айналдырып, терроризмге баруға итермеледі. Ол үшін ұйымдастырушыларды ату керек», — дейді С.Ақылбай. Сенатордың айтуынша, радикалды идеяларға бой алдырып кететіндер өз балаларын тастап, қылмысқа барып жатады. Ал олардың артында арандатушылар бар. Соларға қатысты жазаны күшейтсе, дінімізге жат ағымдарды насихаттайтындардың санын азайтуға болатын еді. «Қазіргі кезде Қытайда, Сауд Арабиясында ондай жаза қарастырылған. Америка штаттарының басым бөлігінде терроризмге итермелеп, арандатушылық жасағаны үшін өлім жазасы қолданылады», — деп атап көрсетті сенатор. Айта кетейік, өткен аптада Алматыдағы атыста 10 адамның өмірін қиған Руслан Күлекбаев өлім жазасына кесілді. Алайда Қазақстанда осы санаттағы жазаға мораторий жарияланған. «Президент жарлығына сәйкес,елімізде өлім жазасына қатысты сот шешімдерін іске асыру тоқтатылды. Алайда заң бойынша судьяларға ондай шешім шығаруға шектеу жоқ. Соңғы рет Қазақстанда адамды өлім жазасына кесу туралы шешім он жыл бұрын, 2006 жылы шығарылған болатын», — делінген Бас прокуратураның ресми хабарламасында. Қазақстанда өлім жазасына мораторий жариялау туралы жарлық 2003 жылы желтоқсан айында күшіне енген болатын. Мораторийдің мерзімі шексіз. Алайда ол кез келген уақытта алынып тасталуы мүмкін. Осыған байланысты өлім жазасына кесілген азаматтар түрмеде ұсталады.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде