jasqazaq.kz

Сергей Ковалев: Біздің бокс сыбайлас жемқорлықтың ордасына айналған

24 қыркүйек 2016, 23:53

20160924175451

Ресейлік әуесқой бокс сыбайлас жемқорлық ордасына айналған. Жарыс нәтижесі алдын ала белгіленеді. Үш тұжырым бойынша 79,38 келіге дейінгі салмақ санатында әлем чемпионы Сергей Ковалев осындай мәлімдеме жасады.

Бұл жайлы жұма, 23 қыркүйек күні «Спорт-Экспресс» жазды.

«Рингке шығасың — оны саясат шешеді. Риода не болғанын көрдіңіздер ғой. Дәл сондай жағдай! Біздің бокс сыбайлас жемқорлық ордасына айналған», — деп санайды Ковалев.

Сондай-ақ 33 жастағы ресейлік Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарындағы әуесқой боксшылар жарысы жайлы да ойын білдірді. «Айқаста басқа біреу жеңеді де, жеңісті жеңілгенге береді. Лондонда да, Бейжіңде де солай болды. Кім қанша медаль алатыны, бәрі алдын ала шешілген», — деді спортшы.

Айта кетсек, шілдеде Ковалев судьяның бірауызды шешімімен малавилік Айзек Чилембуды жеңіп, WBO, WBA және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы титулын қорғаған болатын.

ҚазАқпарат

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде