jasqazaq.kz

Сербияда қаза тапқан қазақстандықтардың есімдері белгілі болды

17 қазан 2023, 16:52

«Атамның аманаты» ҚБ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Еуропа аумағында қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөндерін, жерленген жерлерін анықтау жөнінде бірқатар жұмыстар атқаруда.
Жақында 1944-1945 жылдары Сербия жерінде опат болған отандастарымыздың есімдері белгілі болды. Ұзын-саны Қазақстанның әр түкпірінен шақырылған 198 жауынгер. Олардың барлығы негізінен соғыстың соңғы жылдары ұрыс даласында немесе жарақаттан госпитальдарда көз жұмғандар.
«Бұған дейін Норвегия, Нидерланды, Венгрия және басқа да елдердің топырағы бұйырған қазақстандықтардың аты-жөндерін анықтаған едік. Қазір олардың Қазақстанда қалған ұрпақтары мен туған-туыстарын іздестіруді бастап кеттік. Бұдан бөлек кезінде кескілескен ұрыстар жүрген майдан даласындағы қазба жұмыстары барысында табылған 16 майдангердің сүйектерін елге жеткізіп, әскери құрметпен жер қойнына тапсырдық. Қазіргі таңда Ресейден тағы да 12 отандасымыздың мәйітін туған топыраққа жеткізіп, жерлеуді қамында жүрміз. Біздің қоғамдық ұйымның миссиясын «Өлі разы болмай тірі байымайды» деген бір ауыз сөзге сыйғызуға болады»,- дейді «Атамның аманаты» ҚБ Басқарма төрағасы Мұрат Молдағалиев.

«Атамның аманаты» ҚБ баспасөз қызметі

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі