
Петропавлда сепаратизмді насихаттады деген күдікке ілінген ұйымға қатысты сараптама нәтижесі шықты. Топтың үш белсендісі уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.
Солтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы өткізген брифингте өздерін «Халық кеңесі» деп атаған топтың үш белсендісінің қамауға алынғаны жарияланды.
СҚО прокуратурасы басқармасының бастығы Ғани Жалби:
«Сепаратизмді насихаттады деп күдіктелген топқа екі қылмыстық іс қозғалған, Қылмыстық кодекстің 180-бабы 2-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде бұқаралық ақпарат құралдарын және телебайланыс желілерін шақырумен материалдарды тарату және Қылмыстық кодекстің 179-бабы бойынша мемлекеттің қауіпсіздігін ыдыратуды үгіттеу бойынша сарапталған. Бұл ауыр қылмыстар санатына кіреді. Оның санкциясымен 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі баламасыз жазалау қолданылады.
Топтың негізгі үш фигуранты бүгін бір сағат бұрын уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», — деді.
Саясаттанушы мен басқа да мамандардың қатысуымен болған комиссиялық психологиялық-филологиялық сот сараптамасының қорытындыларына сәйкес сепаратизм белгілері анықталған.
«Тергеу барысында Петропавл қаласында 2023 жылғы 19 наурызда Солтүстік Қазақстан университетінің колледж ғимаратында «Халық Кеңесі» тобына қатысушылар облыс орталығының 20 азаматынан тұратын топтың жиналысы өткендігі, олар өздерін Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ізбасарлары деп көзқарастарын білдіргендіктері белгілі болды. Біреуі кәмелет жасына толмаған баласымен келген.
Қалған 16 адам жұмыстан шеттетілген жоқ, қызметтерін жалғастырып жатыр. Олар бойынша шешім қабылданған жоқ.
Кінәсі дәлелденген жағдайда жазаға тартылады. Тергеу барысы қатаң бақылауда. Кімнің қайда жұмыс істейтіндігі туралы, қалай бұл топқа қосылғандығы туралы әзірге Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, жариялауға жатпайды.
Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жалғасуда және жиналысқа қатысқан басқа тұлғаларға қатысты объективті және жан-жақты құқықтық баға берілетін болады», — деді Ғани Жалби.
30 наурызда «Халық Кеңесі» тобына қатысушылардың жиналысы туралы интернет желілердегі бейнеролик бойынша Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің СҚО бойынша Департаментімен сепаратизм фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған болатын. Сол күні облыс прокуратурасының нұсқауы бойынша Ұлтық қауіпсіздік комитеті департаменті, полиция департаменті, экономикалық тергеу департаменті және облыстағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылып, процестік прокурорлар тағайындалды.
JQ-Aqparat