jasqazaq.kz

Сенатор: Утильалым 150 мың теңгеден аспауы керек

28 наурыз 2024, 14:40


Сенат депутаты Бекбол Орынбасаров елімізде утильалым мөлшерін азайтуды ұсынып, премьер-министр Олжас Бектеновке сауал жолдады.

«Сенаторлар Үкіметке бірнеше рет депутаттық сауал жолдады. Алайда нақты экономикалық міндеттерге, ғылыми тұжырымдарға негізделген және екі тарапты да қанағаттандыратын шешім әлі табылмады. Салдарынан қарапайым қазақстандықтар «автомобиль сатып алу» деңгейіне қол жеткізуі төмендеп барады.

Қозғалтқыш көлемі 2 мың текше сантиметрге дейінгі, шыққанына 3 жылдан аспаған автомобильдер үшін кәдеге жарату алымының мөлшерін 150 мың теңгеден аспайтындай етіп қайта қарауды сұраймын.

Кедендік бажды есептеу кезінде кедендік торды азайту жағына қарай қайта қарау керек. Қазір көліктердің көпшілігі, әсіресе, Қытайдан Қазақстанға Қырғыз Республикасы арқылы әкелінетін фактілер бар. Себебі, автокөлік иелері ҚҚС пен бажды біздің мемлекетімізге қарағанда бірнеше есе аз төлейді. Шығарылған жылын қоса алғанда, 5 жылға дейін көліктерді мемлекеттік тіркегені үшін алым мөлшерлемесін 0,25 АЕК (923 теңге, 1 АЕК – 3692 теңге) көлемінде қарастыруды ұсынамын. Бұл ұсыныстар Қазақстан азаматтарына көліктерін жаңартуға мүмкіндік береді деп сенеміз», — деді депутат.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі