jasqazaq.kz

Сенатор: Синтетикалық ескірткіге қарсы күресетін жеке мекеме керек

29 ақпан 2024, 14:15

Сенатор Геннадий Шиповских еліміздің Премьер-Министрінің атына жасаған депутаттық сауалында синтетикалық есірткінің жастар арасында белең алу мәселесін көтерді.

«Қаскөйлер есірткіні интернет-мессенджерлер арқылы арзан бағамен сатады, жастарды улайды.
2021-2023 жылдар аралығында синтетикалық есірткі заттарын таратқаны үшін 1 021 адамға қылмыстық іс қозғалды. Соңғы 3 жылда синтетикалық есірткіні алу көлемі 100 кг-дан 1 тоннаға дейін өсті. 2021 жылы 17, 2022 жылы 68 және 2023 жылы 81 есірткі зертханасының қызметі анықталды», — деді сенатор.

Г.Шиповских Президентке бағынышты болатын есірткіге қарсы мекеме құруды ұсынды.

«Есірткі қаупіне белсенді қарсы тұру – мемлекет пен қоғамның ең маңызды міндеттерінің бірі. Елдегі есірткі саудасының өршуіне байланысты тікелей Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты арнайы есірткіге қарсы қызмет жүргізетін жеке-дара мекеме құру мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз. Синтетикалық есірткіні сатуға қатысатын сайттардың жарнамалау фактілерінің жолын кесу жөніндегі жұмысты күшейтіп, жарнамалаушыларды қатаң жазалау қажет. Мектеп, колледждер мен жоғарғы оқу орындарында білімгерлерге есірткіні таратудың салдары туралы түсіндіру шараларын жандандыру қажет. Жастар, әсіресе студенттер арасындағы синтетикалық есірткіні тасымалдаушылардың (закладчик) санының өсуіне байланысты нақты іс-шаралар жоспарын әзірлеуді орынды деп санаймыз», — деді Геннадий Шиповских.

JQ-Aqparat

02 мамыр, 16:21
Алматы облысындағы туристік орындардан 200 тоннадан астам қоқыс жиналды
01 мамыр, 19:25
Мереке күні Алматы облысында 120 гектардан астам аумақ тазартылды
30 сәуiр, 20:11
Әрекеті әлеуетімен үйлескен өңір
30 сәуiр, 18:20
Қызылорда облысы: экономикадағы оң динамика
30 сәуiр, 16:53
Марат Сұлтанғазиев: тәртіп бар жерде тазалық та бар
30 сәуiр, 15:34
Туркестан: Усилен контроль за работой недропользователей
30 сәуiр, 15:29
Туркестан: В Жетысайском районе будет запущено 14 инвестиционных проектов
30 сәуiр, 15:02
Ержан Бабақұмаровты өлтірген адамға сот үкімі шықты
30 сәуiр, 14:59
Астанинские 3000 школьников исполнили песню "Ақ көгершін" ко дню единства