jasqazaq.kz

Марат Сұлтанғазиев: тәртіп бар жерде тазалық та бар

30 сәуiр, 16:53

Алдағы мерекелік демалыстар Алматы облысында «Тазалық күні» деп жарияланды. Яғни, үш күн бойы өңірдегі барлық туристік нысандар, халық көп жиналатын орындар, саябақтар мен аулаларда жаппай сенбіліктер өтеді. «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылатын шараға Ұлттық парк қызметкерлері, орманшылар, қорықшылар, қоғам белсенділері, еріктілер, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйым өкілдері мен тұрғындары түгел атсалысады.

Алматы облысында оннан астам туристік дестинация және жүзден астам танымал туристік бағыт бар. Үш күндік мерекелік демалыста тау-тасқа, өзен-көлдер мен табиғат аясына баратын саяхатшылар саны артады. Сонддықтан қонақтардың табиғатты ластамай, қоқысты белгіленген орындарға жинап кетуі өлке тазалығы үшін аса маңызды. Әсіресе туристік аумақтардың тазалығына ерекше ден қойылып отыр. Осы орайда облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев туған жердің табиғатын аялап, тұрғындар мен қонақтарды «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысуға шақырды.

«Қымбатты облыс тұрғындары!

Халқымыз ежелден «тазалық» ұғымын жанның тазалығымен, ниеттің түзулігімен ұштастырып, оған ерекше мән берген. Мемлекет басшысы Қасым — Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, «Таза Қазақстан» акциясы — бұл бір реттік науқан емес, ұлтымыздың болмысындағы асыл қасиеттерді жаңғыртатын бірегей бастама. Тазалық — өркениеттің айнасы. Біз тек сенбіліктермен шектелмей, қоршаған ортаны күтіп ұстауды күнделікті әдетке айналдыруымыз қажет. Әрбір тұрғын өз ауласына, әрбір ұжым өз мекемесіне жауапкершілікпен қарауы тиіс. Әсіресе, облыстың барлық кәсіпкерлерінің бұл іске үлес қосуы — бизнестің қоғам алдындағы жауапкершілігінің айғағы. Нысандардың эстетикалық талаптарға сай болуы өлкеміздің ажарын аша түсері сөзсіз. Біздің ортақ мақсатымыз — «Заң мен тәртіп» қағидаты орныққан қауіпсіз қоғам құру. Өйткені тәртіп бар жерде тазалық та, береке де болады. Отанға қызмет ету осындай қарапайым, бірақ маңызды істерден басталады. Баршаңызды осы игі бастамаға атсалысып, өңірімізді жауапкершілік пен жасампаздықтың аймағына айналдыруға шақырамын! — деді өңір басшысы әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде