jasqazaq.kz

Алматы облысындағы туристік орындардан 200 тоннадан астам қоқыс жиналды

02 мамыр, 16:21

Бүгін Алматы облысындағы Күрті су қоймасында ауқымды сенбілік өтті. Оған ауыл тұрғындары, жастар, еңбек ұжымдары мен еріктілер қатысты. 800-ге тарта адам көздің жауын алатын Күртінің айналасынан 5 тоннаға жуық қоқыс жинады.

Үш күндік демалыста өңірдегі туристік нысандардың тазалығына ерекше ден қойылған. «Тазалық күні» акциясы «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында жалғасып жатыр. Күрті су қоймасы аты аңызға айналған «Қыз Жібек» көркем фильмі арқылы халыққа кең танылған мекен. Тарихи аймақ қазір қайта жанданып, туристер жиі келетін демалыс орнына айналған. Бұл жерге күніне 1500-2000-ға жуық саяхатшы келеді. Сондықтан тұмса табиғаттың тазалығы басты назарда. Бүгінгі сенбілікке облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев те атсалысып, экологиялық мәдениетті сақтаудың маңызына тоқталды.

«Алматы облысында қызықтап-көретін табиғаты ерекше нысандар көп. Өзен-көл, тау-қыратымен қоса жазық даласы да жанға жайлылық сыйлайды. Ал Іле ауданына келген қонақ дархан даланың кереметіне куә болады. Қазіргі таңда Күрті су қоймасы үлкен танымалдыққа ие болып, туристердің сүйікті мекеніне айналған. Сондықтан аумақтың таза әрі жайлы болуы маңызды», – деді өңір басшысы.

Айта кетейік, «Тазалық күні» акциясы облыстағы танымал туристік бағыттардың бәрінде қызу жүргізілуде. Атап айтқанда,
Кеген ауданы: Көлсай, Қайыңды көлдері; Ұйғыр ауданы: «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі; Еңбекшіқазақ ауданы: Есік көлінің жағалауы; Жамбыл ауданы: Үңгіртас ауылындағы «Жер кіндігі» туристік нысаны; Райымбек ауданы: Шалкөде жайлауы және Тұзкөл көлінің жағасы; Қонаев қаласы: «Алматы–Өскемен» тасжолы бойы мен «Көшпенділер қалашығы» аумағы; Талғар ауданы: Талғар өзенінің бойы; Балқаш ауданы: Жиделі ауылдық округінде орналасқан «Завидово» туристік кешені; Іле ауданы: Первомай тоғандары, «Sokol» спорттық-техникалық кешені, «Рыбацкая усадьба» демалыс орны, «Tortuga» демалыс базасы және «Dubai Resort» аквапаркі; Алатау қаласы: «Еңбек» және «Заречный» шағын аудандары. Облыс бойынша бүгінгі тазалық жұмыстарына 12 мыңға жуық адам қатысып, 135 арнайы техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 205 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық жиналып, арнайы полигонға шығарылды.

«Кең байтақ жеріміздің көркін сақтау – әрқайсымыздың міндетіміз. Бүгін сенбілікке қатысып, сұлу мекеннің сәнін кетірген қоқыстарды жинадық. Мұнда отбасымызбен жиі келіп тұрамыз. Көздің жауын алатын табиғат жауһарын қорғау –баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз», – деп атап өтті
сенбілікке қатысқан Ақши ауылының тұрғыны Мөлдір Тоғаева.

«Тазалық күні» акциясы ертең, яғни 3 мамыр күні де жалғасып, үш күн бойы өңірдегі туристік бағыттарда жүргізілген тазалық шаралары қорытындыланады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде