jasqazaq.kz

Сенатор Лукин: Шетелдік бизнесмендер Қазақстан бюджетіне 4 млрд теңгеден астам қарыз

20 сәуiр 2023, 15:13

Шетелдіктер Қазақстанда өз компанияларын тіркегеннен кейін біздің елден кетіп қалады, алайда құрылған фирмаларды жалған шот-фактуралар жазу, салық төлеуден жалтару және қаржыны көлеңкелі айналымға шығару үшін пайдаланады. Сенатор Андрей Лукин өзінің депутаттық сауалында бизнес-иммигранттардың қаржылық бұзушылықтары мен қарыздары туралы айтып өтті.

«Бизнес-иммигранттардың визасыз 198 компаниясында 4 млрд. теңге берешегі бар. 1,5 мыңнан астам компания тіркеу орнында жоқ және 2 мыңға жуық фирма жұмыс істемейді. Бұл толық дерек емес. Мемлекеттік кірістер органдары заңды тұлғаны құру кезінде заңнамалық бұзушылықтарға жол беруіне байланысты оны тарату жолымен талап қоюға құқылы. Заңды тұлғаны құрған шетелдіктің бизнес-иммигрант визасын алмауы осындай бұзушылықтың бірі болып табылады. Алайда, республикалық маңызы бар облыстар мен қалаларда белгіленген заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өтуін тану шаралары жалпыға бірдей қолға алынбаған», — деді сенатор.

Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлері шетелдіктердің бизнес-иммигрант визасы болмаса да, заңды тұлғаны тіркеуден өткізуді жалғастыру фактілері қиындық туғызып отыр. Оған салалық нормативтік актілерден бас тарту үшін негіздердің болмауы себеп болып отыр.

«Қалыптасқан жағдай шетелдік азаматтардың күмәнді заңды тұлға құруына ықпал етеді, олар кейіннен қаржысын көлеңкелі айналымға шығару схемаларында қолдануы әбден мүмкін. Осыған байланысты, бизнес-иммигранттарға салық салу және көші-қон мәселелері бойынша ведомстволық бақылауды күшейтуді, бүкіл ел бойынша бизнес-иммигранттардың тікелей қатысуымен салық төлемдері мен заңды қызмет жүргізу тұрғысында компаниялар мен фирмаларға аудиторлық тексерулер жүргізуді, сондай-ақ бизнес-иммигранттармен құқықтық қатынастарды реттеу тетігін жетілдіру жөнінде заңнамалық түзетулерге бастамашылық жасауды ұсынамын», — деді депутат.

JQ-Aqparat

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура