jasqazaq.kz

Семей тұрғыны көлігінің салонында өзін-өзі өртеп жіберді

26 сәуiр 2017, 17:29

Семей тұрғыны көлігінің салонында өзін-өзі өртеп жіберді. Өлім алдында ер адам хат жазып, тастап кеткен.

Қайғылы оқиға 24 сәуірде күндіз болған. Ер адам өз үйінің ауласында көлігінің салонында өзін-өзі өртеп жіберген. «102 пультіне 13.30-да хабар түскен. Осы дерекке қатысты «Өзiн-өзi өлтiру» бабы бойынша Бірыңғай реестрге тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», — деді полициядағылар. Ер адам қайтыс болардың алдында хат жазған, онда ол өз өліміне ешкімді кінәламауды сұрайды. 42 жастағы ер адамның мұндай әрекетке неліктен барғаны белгісіз. Полициядағылар қылмыстық істің мән-жайын толығымен ашып айтпады. Tengrinews.kz хабарлағандай, қайтыс болған ер адам полиция есебінде тұрмаған, өз-өзіне қол салған уақытта алкогольдік немесе есірткі затын пайдаланбағаны анықталды.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді