
Жапонияның «Family Romance» компаниясы клиенттеріне жаңа қызмет түрін ұсынады. Олар селфи жасау үшін достарды жалға беру қызметін ойлап тапты.
Осылайша, тапсырыс беруші арнайы каталогтан селфи жасағысы келетін «досын» таңдайды. Содан бірнеше сағат ішінде ол әлеуметтік желілерге жариялауға болатын түрлі суреттер жасай алады. Басылымның мәліметінше, мұндай фотосессия жасауға 8 мыңдай иен кетеді (20 мың теңгеден аса).

Baq.kz сайты хабарлағандай, «Family Romance» компаниясы өкілдерінің айтуынша, бұл қызмет достары жоқ адамдар мен әлеуметтік желілерде танымал болып көрінгісі келетіндерге ұсынылады. Сонымен қатар, компаниядағылар үйлену тойларына, туған күн кештеріне немесе басқа да мерекелік шараларға осындай «достарды» шақырып, суретке түсуге болатынын айтты.