
Алматы облысында сексеуілді заңсыз шапқандар ұсталып, 50-ден аса қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда қызыл кітапқа енген ағаш түрін отын ретінде пайдаланушылар саны көбейіп барады.
Табиғатты қорғау өкілдерімен бірігіп Ішкі істер департаментінің мамандары алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл өсімдік түрін жаппай кесуге тыйым салынған. Мараторий 2018 жылдың соңына дейін ұзартылды. Алайда қысқы отын ретінде және кәуап әзірлеуде таптырмас ағашты отаушылар азаймаған. Жыл басынан бері 50-ден аса факті тіркелсе, олардан 25 текше метрден аса сексеуіл тәркіленді. Құқық бұзушылар үстінен ҚР ҚК 340-шы бабы бойынша іс қозғалды.