jasqazaq.kz

Сейфуллин Жолбарыс: Әйеліме менен бұрын әкем ғашық болған

04 желтоқсан 2023, 15:22

Әнші Сейфуллин Жолбарыс отандық бағдарламаға сұхбат берген кезінде отбасылық өмірінің құпиясы туралы айтты.
Бұл туралы Ernur.kz хабарлады.

«Мен Катяға тез ғашық болдым. Менен бұрын менің әкем ғашық болды. Әкем «Сенің әйелің – осы, саған осындай пысық әйел керек» деді. Өтірік айтудың керегі жоқ, бірінші келіндері басынан бастап ата-анама ұнамады. Мадина ата-енемен бірге тұрды ғой, бірақ соны үйленген кезден қалаған жоқ. Ажырасуымыздың бір себебі де осы болған шығар. «Мен кемпір-шалмен бірге тұрмаймын» деді. Оған менің әке-шешем де өкпеледі. Осылай түсінбеушіліктен екіге айырылдық. Ал Катя әкемнің батасын алып үлгерді. Бірге тұрдық. Анам қазір 94 жаста. Көп жасауларының себебі де Катяның күтімінен шығар. Жақсы бақты. Анама да қазір баппен қарап отыр. Екінші әйелі барын көпшіліктен 10 жыл бойы жасырып жүргенін айтты. Әкем мен шешеме қарайтын адам керек болды. Екеуі ғана тұрады, оларға күтуші алып қоймаймын ғой. Ақшаға қарайтын адам жаны ашымайды. Сондықтан Катяны әке-шешемнің қолына отырғызып қойдым. Ол менің барлық шартыма, талабыма көнді. Он жылдан кейін үйленгенімізді ел-жұртқа ашып айттық. Бас қосқанымызға 15 жылдай уақыт болды, екі қыз тәрбиелеп отырмыз. Ұлым Бейбарыс та менің қолымда», — деді әнші.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде