jasqazaq.kz

Сейдахмет Бердіқұлов мұрасы өшпейді

06 мамыр 2023, 14:32

«Egemen Qazaqstan» газетінің редакциясында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің іс-шаралар жоспарына сай, «Сейдахмет Бердіқұлов мұрасы және қазіргі журналистика» атты дөңгелек үстел өткізілді. Көр­некті көсемсөз шебері, қазақ спорт журналистикасының негізін қалаушы қаламгер тұлғаның 90 жылдығына орайластырылған бас­қосуда жылы естеліктер, тағылымды әңгімелер айтылды.
Дөңгелек үстелде мемлекет және қоғам қайраткерлері, әр жылдардағы «Egemen Qazaq­stan» газетінің басшылары Са­уытбек Абдрахманов, Уәли­­хан Қалижанұлы, танымал қаламгерлер Жарылқап Бей­сенбайұлы, Жан­болат Аупбаев, Қуаныш Жиен­бай, Бауыржан Омаров, Қыдырбек Рыс­бек қа­тысып, ойларын ортаға салды.
С.Абдрахмановтың айтуынша, Сейдахмет Бердіқұлов – бұрынғы одақ көлемінде мойындалған спорт журналисі. Футболдың феноменін, қа­дір-қасиетін қазаққа алғаш түсіндіріп берген де – сол кісі. Әсі­ресе, қазақ жастарының бойына намысшылдықты егу тұрғысынан ерекше еңбек етті.
У.Қалижанұлы қаламгердің ұйымдастырушылық қасие­тіне кеңірек тоқталса, Ж.Бейсен­байұлы идеяшылдығына ерек­ше екпін бере сөйледі. Ж.Ауп­баев Сей­дағаңның «Лениншіл жастың» редакциясында түрлі кездесулер ұйымдастыруға ұйтқы болғанын айтты. Сөзіне мысал ретінде Ла Скаладан келген Амангелді Сембинмен, антрополог Ноэль Шаяхметовпен, түр­кітанушы Иштван Қоңыр­мен, алты құрлықтың бесеуіне аяғы тиген жазушы Әнуар Әлім­­жановпен болған кезде­су­лер туралы әңгімелеп берді.
Қ.Жиенбай қаламгердің көп­шілікке беймәлім адами қа­сиеттері туралы ой қозғаса, шә­кірт­тері Б.Омаров пен Қ.Рыс­бек абзал ағалары хақында қызықты ес­те­ліктер айтты.
– Редактор ретінде Сей­дахмет Бердіқұлов тәртіп пен қағидаттың адамы еді. Аса жауапты кезде ол талай қаламгерге қорған бола білді. Оның мектебінің журналистика тарихында айрықша орны бар, – деп сөзін қорытындылады Бауыржан Омаров.
– Бүгінде «Қазақ газеттері» болып қайта жаңғырғанымызды көзіқарақты көпшілік жақсы біледі. Оның құрамында бір­неше басылым бар. Соның бірі – «Ұлан» газеті. Бұл – бұ­рынғы «Қа­зақстан пионері». Сейдахмет Бер­діқұлұлы кезінде дәл осы басылымды басқарған. Сондықтан қаламгердің мерейтойы бәрімізге ортақ. Бүгінгі дөңгелек үстел журналистер қауымы үшін шеберлік сыныбы болды, – деді «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Дихан Қамзабекұлы.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі