
SCAT әуекомпаниясының жолаушылар ұшағы ауа райының нашарлауынан Петропавлдың орнына Көкшетауға қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Алматыдан Петропавлға рейс кесте бойынша шықты, бірақ Петропавлға жақындаған сәтте экипаж қала әуежайында ауа райы нашар, өте күшті жаяу бұрқасын, сондықтан қонуға болмайды деген хабарлама алды. Осыған байланысты әуе кемесінің командирі Көкшетау қаласындағы қосалқы әуеайлаққа қондыруға шешім қабылдады. Сәтті қонды, бәрі ойдағыдай»,- деді әуекомпаниясының қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Виктория Ульянова.