jasqazaq.kz

Саят Медеуов: Жаман әнмен күреспесек, біз оңалмаймыз

15 тамыз 2023, 12:54

 

Әнші Саят Медеуов отандық бағдарламаның біріне берген сұхбатында қазіргі қазақ эстрадасының жағдайы туралы сөз етті.  Stan.kz  жазғандай, «Қазір білгенін істеп, сахнаға кез келген дүниені айтып шығу үрдіске айналды. Қазіргі әндердің сөздері өте өрескел, айтуға ұялатын сөздер бар. Былайша айтқанда, бет-бетімізбен кетіп жатырмыз. Әркім халықтың алдына қалай шыққысы келеді, солай шығып жатыр. Сондықтан бұл дүниеге тосқауыл қоймаса, ертең кеш болады. Өкініп қаламыз. Халықты тәрбиелейтін өнер, әдебиет, театр, ән, би өнері, спорт. Мұның бәрін дұрыс жаққа қарай бұру керек. Бәрі қалаған әнін айтып, қалаған киімін киіп сахнаға шығып жатыр. Халықты тобыр демей ме? Тобыр екенбіз деп өзімізді-өзіміз жамандыққа итермелейміз бе? Адам өз жеке басы, мүмкін ойнап-күліп, ішіп, қыдырғысы келетін шығар. Ол жеке өмірі, онда менің шаруам жоқ. Бірақ оны сахнаға алып шығу – қателік”, – дейді.
Әнші сондай әндердің мәтінінен бірнеше сөздерді мысалға келтірді. Алайда ол әнді орындайтын әріптестерінің атын атаудан бас тартты.
“Құйрығыңды қысып жүр” деген не деген сөз? Кім айтатынын білмеймін. Айта берсең, көп. Оны тәрбиелеудің еш қиындығы жоқ деп ойлаймын. Бізде фонограммамен күресу керек дейді. Фонограммамен емес, жаман әнмен күресу керек. Жаман әнмен күреспесек, біз оңалмаймыз. Себебі халықтың құлағына оттаған, болмайтын дүниелерді құйып жатырмыз. Мемлекеттік тұрғыдан жаман әндер айтуға заңмен тыйым салу керек. Қазір әншілер халыққа танымал болудың әлегімен жүр”, – дейді.

JQ-Aqparat

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі