jasqazaq.kz

«Sax Invest» қаржы пирамидасын құрған Меңдіғалиевке халықаралық іздеу жарияланды

18 қараша 2024, 15:22

Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті өңірде «Sax Invest» қаржы (инвестициялық) пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған тұлғалар тобына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

«Sax Invest» компаниясы өзін инвестициялық қор, бағалы қағаздарды, қаржы құралдарын және басқа да активтерді ұстаушы, сондай-ақ Африкадағы алмаз өндіру жөніндегі жаһандық халықаралық жобаның қатысушысы ретінде көрсеткен.
Компания тіркеуден өтпеген және қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдардың тізілімінде жоқ.

«Sax Invest» қызметі қаржы пирамидасына тән белгілерге ие болды:
— жылдық 24-36%-ға дейін жоғары кірістілік уәдесімен бұқаралық ақпарат құралдарында және интернетте агрессивті және жаппай жарнаманың болуы;
— ұйымның қаржылық жағдайы, меншікті негізгі құралдары, басқа активтері туралы қандай да бір ақпараттың болмауы.
2018 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде 1000-нан астам пирамида салымшылары 1 млрд теңгеден аса қаражат аударған.
Облыс прокуратурасының үйлестіруімен пирамиданың құрылымдық бөлімшесін басқарған Қазақстан азаматы күдікті ретінде ұсталып, қамауға алынды.
Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізілуде.
«Sax Invest» қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы С.Меңдіғалиевке халықаралық іздеу жарияланды.
Сондай-ақ елордада «Sax Invest» компаниясы директорының ұсталғаны жайында бұрын хабарланған болатын.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

ҚМА мәліметінше, «Қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл» арнайы жобасы жүзеге асырыла бастағаннан бері «Qnet», «World Business Consulting», «Finiko» «Antares»/«Antares Trade», «Sincere Systems Group»/«S-Group», «Hermes LTD», «Life is good», «Chia Tai Tianding»/«Chia Tai Pharmaceutical» «Energy Eolus Oazqstan»/«Eolus» сияқты қаржы пирамидаларының құрылымдық бөлімшелерінің ұйымдастырушылары жауапкершілікке тартылды.
ҚМА адам ақша салғысы келетін компанияны қаржы пирамидасының белгілеріне тексеруге мүмкіндік беретін Телеграм ботты іске қосты.

Сонымен қатар, мұндай құқық бұзушылықтар үшін ұсталған барлық жалған жобалардың тізімі Агенттіктің сайтында жарияланған.
ҚМА жұртты қырағы болуға және өз жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырады.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде