jasqazaq.kz

Саунадағы балалар лагері: кәсіпкер әйел мен шенеунік сотталды

09 сәуiр 2024, 16:46

Былтыр жазда балалар лагерінің моншада орналасқаны туралы ақпарат жұрттың жағасын ұстатқан. Ерекше қажеттілігі бар 50 бала бір бөлмеде сығылысып, кейбірі тіпті еденде жатқаны белгілі болды. Ата-аналар дабыл қаққан соң осы лагерьге қатысты тексеру жүргізілді.

Сөйтсе, кәсіпкер әйел байқауда жеңу үшін Алматы қалалық білім басқармасының мемлекеттік сатып алу жөніндегі бас маманына ірі көлемде пара бермекші болған.

Қалалық соттардың баспасөз қызметі хабарлағандай, шенеунік кінәсін мойындамапты. Ал кәсіпкер кінәсін толық мойындап, бас бостандығынан айырмауды өтінген. Шенеунік пара алуға оқталғаны үшін алты жылға, кәсіпкер алаяқтық жасауға әрекет жасағаны үшін бес жылға сотталды.
Үкім әлі күшіне енген жоқ.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі