Сәуле Досжан, жазушы: Қыздың қолында тұруға әуес ата-ана көп

11 қантар 2023, 11:57

Жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш»
Әдеби сыйлығының иегері, белгілі жазушы Сәуле Досжан Jas qazaq-қа берген сұхбатында отбасы құндылықтары, ұлттық тәлім-тәрбие туралы айтты.

Баланы өмірге әкелу бар, оны тәрбиелеу, білім беру, оқыту үлкен жауапкершілік. Өкінішке қарай, елімізде некесіз бала туатындардың қатары артып барады. Баланы өмірге әкелу – ойыншық емес, бұл үлкен жауапкершілік. «Жиендеріңіз» деп ұялмай ата-анасына қалдырып та кетеді. Біздің жас күнімізде оң жақта отырып бала табу былай тұрсын, көшеде үлкендердің көзінше жігітке қолымыздан ұстатуға қымсынатынбыз, арымыз, ұятымыз жібермейтін. Көшеде, болмаса көпшілік орындарда жігітпен жүргеніңді таныс-тамырың көрсе, үлкен мәселеге айналып кететін. Ал қазір мүлдем басқаша.

Тағы бір жаман нәрсе пайда болды. Осы күнде «ұлдан гөрі қыздың қолында тұрған жақсы» деп танауын көтеретін ата-ана бар. Ау, намыс қайда?! Қазіргі күні қарағайдай ұлы тұрып, «келінімнің қабағы ашылмады» дейді де қызының қолына барады. Айрандай ұйыған отбасының арасына жік түсуіне себепкер болады. Қанша жерден жайлы болса да күйеу баладан ұят, ыңғайсыз емес пе? Қазақ ешқашан қыздың қолына қарамаған, «қызым жат жұрттық» деп тәрбиелеп өсірген.
Бізде отбасы институты деген бұзылды. Маған да ақыл айтушылар көп, «қыздарыңның қолына барып тұрмайсың ба?» деген «жанашырларым» да табылған. Мен неге қыздарымның қолына қарауым керек? Олар өздері біреудің шаңырағын шаттыққа бөлеу үшін келін болып барды, ақ орамал тағынып босағасынан аттады.

Әулеттің тұтқасының да қадірі қашып барады. Кеңес өкіметі адамдарға жан тыныштығын іздеуді әбден үйретті. Кезінде аналары, әжелері 10-15 құрсақ көтерген елдің келіншектері кеңес өкіметі кезінде 1-2 бала көтеріп, жан тыныштығын күйттеуді қалады.

Текті сақтау, ұлттық тәрбиені ұстану – отбасы институтының негізгі тірегі.

Босағадан аттаған келінге енесі үнемі айтып, ата тек шежіресінің шынжырын үзіп алмау қажеттігін ескертіп отыруы тиіс. Келін де «қалайда мен бұл отбасын, осы әулеттің отын сөндірмеуге үлесімді қосамын» деп келуі керек. Халық ауыз әдебиетінде «Бір ұл тіледі, отыз балаға татитын қошқардай ұл бала өмірге келді» деп айтылады. Алла жомарт, құлының қандай тілегі болса да орындайды.

Азаматтық неке деген де қазақ ұғымына жат нәрсе. Неке заңды болуы керек. Діни жоралғы бойынша неке қиғызу Алланың алдындағы, дініңнің алдындағы жауапкершілігің. Ал заңды неке мемлекет алдындағы жауапкершілікті жүктейді. Некенің заңды болуы, заңмен бекітілуі аса маңызды. Заң бұзылған жерде бәрі де бұзылады. Әділетті Қазақстан дейміз. Осы әділетті Қазақстанның бір пұшпағы, тармағы отбасы институты. Отбасы институтын нығайту арқылы мемлекеттің іргесін мықтай аламыз.

Жазып алған Қуаныш Рахмет

27 наурыз, 16:38
Ұсақ-түйек емес: шұлық өндірісіне де қолдау қажет!
27 наурыз, 12:30
Берік Солтанбаев: Алматыда кәсіпкерлікті дамытуға жан-жақты қолдау жасалып отыр
26 ақпан, 15:10
Дархан Мыңбай: Кәсіпкерден дәметіп күнелтетін масылдар, әкімдік есігінен сығалауға машықтанған тоғышарлар бар
26 ақпан, 12:34
Қазақ баспасөзі: Сантараулы салалық журналистика
25 ақпан, 14:23
Фатима Жүнісова: Диванда жатып, «мемлекет асырасын» дейтіндер жетістікке жете алмайды
22 ақпан, 15:50
Кәдірбек Құныпияұлы: Газет санасы сарабдал, ойлы да сауатты оқырманмен бірге мәңгі жасай бермек!
21 ақпан, 16:51
Масылдық психологиядан қалай арыламыз?
21 ақпан, 14:48
Мақсұтбек Пірметов: Бізге артылған жауапкершіліктің жүгі ауыр
14 ақпан, 15:49
«Сізде болады. Бізге болмай ма?»