jasqazaq.kz

Сауалнамаға қатысқандардың 30 пайызы ғана елтаңбаны таныды (Видео)

30 қантар 2024, 15:14

«Жаңа адамдар» жастар қозғалысы қазақстандықтардың елтаңбамыз туралы не ойлайтынын білу үшін Астана мен Алматыда 500-ден астам әр түрлі жастағы адамдар арасында сауалнама жүргізді.

Сауалнама кезінде елдің көбі рәміздің бейнесін еске түсіре алмады. Қатысушылардың 70 пайызы елтаңбамыздағы жекелеген элементтердің мән-мағынасын түсінбейтінін айтты.

30 пайызы ғана алты бірдей ұқсас рәміз арасынан төл елтаңбамызды нақтылап, танып көрсете алды.
Тіпті көбінің ұқсас рәміздер арасынан қанатты тұлпары бар өзіміздің елтаңбамызды емес, құстар мен айдаһар бейнеленген өзге рәміздерді көрсеткені таң қалдырды.

«Сауалнама барысында отандастарымыздан мемлекетімізді адами қасиеттермен сипаттап беруін сұрадық. Астана мен Алматы тұрғындарының пікірі бір жерден шықты: Қазақстан— қонақжайлылық, еркіндік, отбасы құндылықтары мен бірлік. Бірақ көбі осы айтылған басты құндылықтарды біздің қазіргі елтаңбамыздан көре алмағанын атап өтті. Мемлекетіміздің қазіргі елтаңбасы бірлік пен ынтымақ шақырып, рәміз ретінде өз маңына шоғырландыра ала ма?

Сауалнама қорытындысы қарапайым тұрғындардың рәміз мағынасын түсінбейтінін және тани алмайтынын көрсетті. Қарапайым халық үшін рәміз — кітап бетіндегі сурет секілді немесе міндетті түрде басшылардың кабинетінде ілінуі тиіс мемлекеттік дүние ретінде қабылданғандай, елтаңбамыздың семиотика немесе мағынаға ие болмағаны ма? Неліктен мұндай қорытындыға келдік? Мәселе қазақстандықтарда ма? Әлде кінәрат рәмізде ме?», — дейді «Жаңа адамдар».

«Күрделі, эклектикалық мағынадағы кеңес дәуірінен қалған элементтер рәмізіміздің нұрын тұмшалаған іспетті және бізді бір ұлт ретінде шоғырландыру міндетін атқара алмай тұр», — дейді олар.

Осы қозғалыс өкілі Мәди Өмірзақов. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа әділетті Қазақстан құру бағдарын ұсынды. Ол — қарапайым халықтың ұсыныстары мен өтініштерін тыңдай білетін мемлекетті қалыптастыру. Осы орайда жаңа рәмізіміз туралы толғансақ, жаңарған жаңа Қазақстанның жаңа рәмізі жаһандық кедергілерден тайсалмай өту жолында халқымыздың бірлігі мен ынтымағын күшейтері сөзсіз», — дейді.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от JAS QAZAQ (@jasqazaqkz)

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі