jasqazaq.kz

Сауалнама нәтижесі: Елдегі өзгерістерге халық қалай қарайды?

27 наурыз 2025, 16:26

Сауалнамаға қатысқандардың 70%-дан астамы елдің дұрыс бағытта дамып келе жатқанын айтады.

Қоғамдық саясат институтының зерттеу нәтижелеріне сәйкес, респонденттердің 70%-дан астамы Қазақстанның дұрыс бағытта дамып келе жатқанын атап өткен. Мұндай пікір әсіресе ауыл тұрғындары (80,7%), 24 жасқа дейінгі жастар (78,9%) және әйелдер (72,2%) арасында кең таралған.

Халықтың қазіргі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайға берген бағасы салыстырмалы түрде біршама ұстамды оптимизмді көрсетеді – сәйкесінше 76,5% және 67%.

Бұл нәтижелер елде жүргізіліп жатқан реформаларға деген оң көзқараспен байланысты. Мәселен, қоғамдық-саяси салада азаматтарға ауыл және аудан әкімдерін тікелей сайлау мүмкіндігі берілді, сайлау жүйесі ашық бола түсті, Конституциялық сот қайта қалпына келтірілді, ал гендерлік теңдік бастамалары әйелдерге саясат пен қоғамдық өмірге белсенді қатысу үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.

Әлеуметтік-экономикалық саладағы өзгерістер бюджет саласы қызметкерлерінің табысын айтарлықтай арттыруға, ауқымды қолдау бағдарламаларын іске қосуға, жер ресурстарына әділ қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ қауіпті және зиянды өндірістерде жұмыс істейтіндер үшін зейнет жасын төмендетуге мүмкіндік берді.

Жалпы, сауалнама нәтижелері бойынша респонденттердің 89%-ы өз көңіл-күйін оң деп сипаттаған. Позитивті көзқарас көбінесе 18-35 жас аралығындағы жастарға, бойдақ немесе отбасылы азаматтарға және жоғары білімі бар респонденттерге тән.

16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту
12 шiлде, 13:05
Нақты сектор: Карбамид өзімізде өндіріледі
11 шiлде, 14:51
NATO 3.0: Әскери өнеркәсіпке басымдық
11 шiлде, 14:15
Тұрсынғали Жәкенов: LRT арқылы 1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды