jasqazaq.kz

Сауалнама: Алматы жастары қалай тамақтанады?

19 сәуiр 2023, 17:18

Алматыда жоғары оқу орындарының студенттері қалай тамақтанады? Осы тақырыпта «Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының 18 ЖОО-ның студенттері арасында зерттеу жүргізді.

Әлеуметтанушы, «Азаматтық сараптама» ҚҚ директоры, Денсаулық Ұлттық қауымдастығы ЗТБ сарапшысы Данила Бектұрғановтың айтуынша, зерттеу жастардың дұрыс тамақтанбауына байланысты әдеттерін қойдыруға көмектеседі.

Жалпы, әлеуметтік сауалнамаға 18-21 жас аралығындағы және одан жоғары жастағы 1300 респондент қатысқан. Оның 624-і ер адам, 676-сы әйел адам.

«Зиянды азайтуға қандай тәсіл қолайлы?» деп сұрағанда, респонденттердің 25 пайызы зиянды өнімдерді сатуға тыйым салуды немесе шектеуді «ең жақсы әдіс» деп жауап берген. Ал 36 пайызы зиянды өнімдердің санын азайту керек деп санайды. Олардың 20 пайызы мұндай өнімдердің бағасын қымбаттату қажет деп айтқан.

Студенттер дұрыс тамақтану үшін зиянды өнімдерді жарнамалауға тыйым салуды, оларды жеткізуді шектеуді және спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстарын күшейтуді ұсынған.

Зерттеу қорытындысы бойынша сауалнама қатысушылардың 3 пайызы дұрыс тамақтанатын, 39 пайызы толық немесе толық емес түскі асты жиі пайдаланатынын көрсеткен. Сонымен қатар, студенттердің 34%-ы көбінесе фаст-фудты жиі тұтынатынын, 19%-ы тек фаст-фудты жейтінін айтқан. Ал респондентттердің 29%-ы тәтті тіскебасарларды тұтынатынын жеткізген.

«Осы зерттеу барысында 2019 жылға қарағанда фаст-фуд өнімдерін тұтынудың 8%-дан 19%-ға дейін өскені байқалды. Тәтті газдалған сусындар мен энергетиктерді тұтыну 5-тен 10%-ға дейін өскен. Жеміс шырындары мен шәрбаттарды тұтыну мөлшері де артқан», – дәрігер және «Денсаулық Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ төраға орынбасары Гинтаутас-Юозас Кентра.

Сонымен зерттеу нәтижесінде сауалнамаға қатысушы студенттердің 40%-ында денсаулыққа қатысты проблемалар бар екені анықталды. Мысалы, тамақтан улану, асқазан-ішек аурулары, тамақ аллергиясы және т. б. аурулар кездескен. Денсаулығына байланысты туындаған проблемалардан кейін респонденттердің 68%-ы медициналық тексерістен өткен.

18 маусым, 15:26
Нуралхан Кошеров провел переговоры о строительстве горного курортного города в Каскасу
18 маусым, 14:39
Главная цель образовательной системы - повышать реальные знания
18 маусым, 14:12
В Жетысайском районе подвели итоги учебного года и наградили лучших педагогов
18 маусым, 14:10
В Туркестанской области строятся заводы по производству бумаги и хлопковой продукции
18 маусым, 14:05
В Туркестанской области планируется ввести в эксплуатацию 58 социальных объектов
17 маусым, 18:15
«Күніне 13-14 сағат телефонға телмірдім". Балалар номофобия шырмауында
17 маусым, 17:41
«Тәрбие басы – әке қолында»: Алматыда отбасы құндылықтарына арналған форум өтті
17 маусым, 15:44
В Туркестанской области активно ведется цифровизация таможенной сферы
17 маусым, 13:59
В Сарыагашском районе активно развивается социальная инфраструктура