jasqazaq.kz

Сатушыны 9 мың теңге үшін пышақтаған қылмыскер ұсталды

16 мамыр 2016, 11:57

peilis-kirvis-smurtas-konfliktas-uzpuolimas-uzpuolikas-kraujas-zudikas-60442095
Алматыда жас жігіт дүкенге қарақшылық шабуыл жасап, сатушыны 48 жерден пышақтап кетті, деп хабарлайды BNews.kz. 24 жастағы жігіт Бөкейханов көшесіндегі шағын азық-түлік дүкеніне түскі екілер шамасында қарақшылық шабуыл жасады. Ер адам 51 жастағы сатушыны соққының астына алып, 48 жерден пышақ сұққан.

«Сатушы есінен танғанда, қаскөй кассадағы ақшаны тексере бастаған. Онда бар-жоғы 9 мың теңге ғана болыпты. Қазір сатушы әйел ауыр хәлде ауруханада жатыр. Дәрігерлер оны өлімнен арашалап қалу үшін барын салуда», — деді Жетісу ауданы ІІБ басшысының орынбасары, полиция майоры Дәулет Сәмбетов.
Арнайы құрылған жедел топ тергеудің алғашқы сағатында-ақ күдіктінің кім екенін анықтап, қолға түсірді.
Алматы облысы, Іле ауданына қарасты елді мекендердің бірінде тұратын 24 жастағы жігіт қазір абақтыда жатыр.
«Тергеу амалдарын жүргізу барысында С.есімді азамат суық қару –пышақты қайда жасырғанын көрсетті. Заттай айғақ тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылды», — деп толықтырды Д.Сәмбетов.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде