jasqazaq.kz

Сарыағашта мүгедектігі бар азаматтарды оңалту бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда

30 шiлде 2025, 14:51

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында былтыр мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасы 97,1% орындалды. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында 68 азамат оңалтудан өткен.
Мүгедектігі бар азаматтар үшін қолайлы орта қалыптастыру тек құрал-жабдықпен шектелмейді. Инфрақұрылым қолжетімділігін арттыру – басты мәселенің бірі. Осы мақсатта 2023 жылдың 18 мамырында Сарыағаш ауданында арнайы жұмысшы топ құрылып, оған аудан әкімінің орынбасары төрағалық етуде. Топ құрамына:
-«AMANAT» партиясының аудандық филиал өкілі,
-№8 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы,
-«Шапағат» мүгедектер қоғамының төрайымы,
-«Қазақ соқырлар қоғамының» өкілдері және тиісті бөлім басшылары кірген.

Нәтижесінде «Қолжетімділіктің интерактивті картасына» 187 нысан енгізіліп, ішінара бейімдеу жұмыстары басталған.
Мүгедектігі бар адамдарды экономикалық белсенділікке тарту бағытында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Былтыр 276 адам жұмыспен қамту шараларына қатысқан, оның ішінде:
-85 адам тұрақты жұмысқа орналасса,
-25 адам квота арқылы жұмысқа жолданған,
-49 адам қоғамдық жұмысқа тартылған,
-70 адам «Бастау Бизнес» жобасына тіркеліп,
-17 адам қайтарымсыз грантқа ие болған.
Биыл да жұмыс жалғасып жатыр. 9 азамат жұмыспен қамту шараларына қатысып, оның 5-і квотамен, 4-і кәсіпкерлік оқуға бағытталған.
2020 жылы іске қосылған әлеуметтік қызметтер порталы 2021 жылдан бері мүгедектігі бар азаматтарға қызметтер мен құралдарды цифрлық түрде алуға мүмкіндік берді. Қазіргі таңда барлық қызмет пен жабдықтар тек осы портал арқылы көрсетілуде. Бұл – ашықтықты қамтамасыз етіп қана қоймай, бюрократиялық кедергілерді айтарлықтай азайтқан құрал.
Аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы:
– Мүгедектігі бар азаматтарға қызмет көрсетудегі басты мақсатымыз – олардың өмір сапасын жақсарту ғана емес, қоғамның толыққанды мүшесі ретінде өзін еркін сезінуіне мүмкіндік жасау. Бұл – біздің адамгершілік әрі азаматтық парызымыз. Атқарылған жұмыстар жайлы БАҚ беттерінде және ресми сайттарда тұрақты түрде жарияланып отыруы – қоғаммен ашық диалог орнатудың бір жолы, – деді.
Қазіргі таңда ерекше қажеттілігі бар аудан тұрғындары қызметтерді 100 пайыз портал арқылы алады. Бұл– ақпараттық сауаттылықтың артуының көрінісі деп атауға болады. Осылайша Түркістан облысында мүгедектігі бар азаматтарға түсіндіру жұмыстары да өз нәтижесін беруде. Бұған дәлел — Сарыағаш ауданында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстары.

Олжас Әбдіхалық

10 сәуiр, 23:03
"Народный юрист": жителям Астаны оказали бесплатную юридическую помощь
08 сәуiр, 15:45
Скверлер, жағалаулар мен аулалар: Алматының Жетісу ауданында 12 гектар көріктендіріледі
07 сәуiр, 14:46
Астанадағы білім беру ұйымдарында тәрбиелік мәні бар іс-шаралар өткізіліп жатыр
07 сәуiр, 14:43
«Таза Қазақстан»: елордалық зауыт аумағында ауқымды тазалық өтті
06 сәуiр, 10:50
OPEC+: Қазақстан мұнай өндірісі көлемін арттырады
03 сәуiр, 19:34
EQ — табысқа жетудің жаңа формуласы
31 наурыз, 20:53
Найти работу в Астане станет проще: Карьерный центр открылся в трех точках города
31 наурыз, 20:52
"Пропущенная доставка": астанчан предупреждают о новой схеме мошенников
31 наурыз, 20:49
Защита Родины — дело настоящих мужчин!»: в Астане проводили в армию очередную группу молодых людей