jasqazaq.kz

Сарыағашта 19 жастағы жігітті азаптап өлтірген

06 наурыз 2025, 14:33

Сарыағашта 19 жастағы жігіт жерлестерінің қолынан мерт болды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Оtyrar.kz жазғандай, оқиға 20 ақпанда болған.

Жігіттің анасы Райхан Жамалова: «Айдала, түн түгілі күндіз баруға қорқатын жерге менің баламды алып барған. 14 жерінен пышақтап, маңдайынан ломмен ба, бірдеңемен ұрған. Өйткені, сүйегі кіріп кеткен. Із бар кәдімгідей. Сол жерден табылып отыр ғой балам», — дейді.

Күдікке ілінгендердің ішінде әскери қызметкер болғаны айтылады. Бұл туралы ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасының Шымкент бөлімі мынадай түсінік берді:

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодесінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған күдікті анықталып, ҚР ҚПК-нің 128-131 баптарының тәртібімен ұсталды және күдіктіге қатысты тергеу соты 2 ай мерзімге «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берді. Қазіргі танда сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда».

Қазір Сарыағаш қаласында болған қанды қылмыс туралы түрлі ақпарат тарап жатыр. Соның ішінде әлгі күдікті марқұмға 280 мың теңгені қарызға алдырған деген де дерек бар.

JQ-Aqparat

13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді
30 қыркүйек, 20:17
Шымкент: Өрісі кеңейген өңдеу өнеркәсібі