jasqazaq.kz

Сарбазды ұрып өлтірді деген лейтенант 7 жылға сотталды

30 қазан 2024, 12:39

Алматыда сарбазды ұрып-соғып, өлуіне әкелген лейтенантқа үкім шықты.

Соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, сарбаз Досымжан Сәлімжанның өліміне қатысты істі Алматы гарнизоны әскери сотының судьясы Н. Жексембиев қарады.

Бұл іс бойынша лейтенант Шәкиров Қылмыстық кодекстің 451-бабы 2-бөлігі бойынша айыпталды.

«Сот Ж.Шәкіровті «Билiктi асыра пайдалану» бабы бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырды. Жәбірленушінің пайдасына 10 млн теңге көлемінде моральдық зиян өндірілді», — делінген сот шешімінде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта кетейік, 2023 жылдың қазан айында Атырау облысы Құлсары қаласынан әскерге шақырылған Досымжан Сәлімжан борышын Жетісу облысы Сарыөзек кентіндегі №29108 әскери бөлімінде өтеп жүрген. Биыл мамырда әскери госпитальге түскен жауынгер он күннен соң сонда көз жұмды.

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі