jasqazaq.kz

Сарбаздар ұлт ұстазын ұлықтады

24 қыркүйек 2024, 14:09


Әскерде жеке құрамның патриоттық сезімін арттыру, сенім мен жауапкершілік құндылықтарын насихаттау — олардың бойында кәсіби маңызды қасиеттерді қалыптастырып, қызметтік-жауынгерлік тапсырмаларды орындауға әзірлігін күшейтуге септігін тигізетіні сөзсіз.

Алматыдағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» ӨҚ 3650 әскери бөлімі осы мақсатта түрлі іс-шаралар өткізіп тұрады. Аталмыш әскери бөлімнің сержанты Жанна Хұсайынованың пікірінше, бұл жауынгерлердің бойына сенім мен жауапкершілік құндылықтарын сіңіруге ықпалын тигізеді. Сондықтан әскери бөлімде халқына қызмет еткен ұлы тұлғаларға тағзым етуге арналған жиындар жиі ұйымдастырылады.

Жуырда 3650 әскери бөлім Алматы қаласы орталықтандырылган кітапханалар жүйесі № 26 кітапхана бөлімшесімен бірлесіп, қазақтың ақыны, ұлы ағартушы, қазақ әліпбиінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының 152 жылдығына орай «Тілге құрмет — елге құрмет!» акциясы аясында «Ұлтын ұлықтаган ұлы тұлға» атты танымдық сағатын өткізді.

Кітапханашы Светлана Владимировна сарбаздарға ұлы ағартушының өмірі мен шығармашылығы, ғылыми еңбектері жайында әңгімелеп берді. Қатардағы жауынгерлер Т.Қалмұханбет, Ы.Қасымжан, Д.Әуелхан ақынньщ өлеңдерінен үзінділер оқьш, қанатты сөзерін жатқа айтты. Сондай-ақ сарбаздар Ахмет Байтұрсынұлы атындағы саябаққа барып, ғалымның еңселі ескерткішіне тағзым етті. Бұдан кейін ұлт ұстазының музей-үйіне бас сұғып, тағылымды дәрістен өтті. Музей-үйдің бөлім меңгерушісі Әділет Ахметұлы мен экскурсия жетекшісі Манатжан Әшіров сарбаздарға жәдігерлер туралы мағлұмат берді.
Осылайша сарбаздар ақын шығармашылығына терең бойлап, қызметтік-жауынгерлік тапсырмаларды орындауға күш-жігер, өздеріне қажетті рухани азық алды.

Әскери бөлімнің сержанты Жанна Хұсайынова: «Осылайша сарбаздар ақын шығармашылығына терең бойлап, қызметтік-жауынгерлік тапсырмаларды орындауға күш-жігер, өздеріне қажетті рухани азық алды. Алдағы уақытта да мұндай тағлымды шараларды өткізу жоспарда бар», — дейді.

Әлима Әлмерек,

Алматы 

 

Бүгін, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
Бүгін, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды
26 маусым, 16:54
Қызылордада БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекеде баспаналы болды
26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс