jasqazaq.kz

Сарбаздар мұз астындағы баланы құтқарды

22 желтоқсан 2016, 21:07

Таразда Тұңғыш Президент саябағында әскери қызметкерлер суға батқан баланы құтқарды.

ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының 5513 әскери бөлімі командирінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Төрехан Төртбаев айтқандай, 5513 әскери бөлімінің үш әскери қызметшісі Тұңғыш Президент саябағындағы жаяу бағыт бойынша қоғамдық тәртіпті күзеткен. ҚазАқпарат хабарлағандай, «ІІМ Ұлттық гвардиясы әскери жасағының бастығы қатардағы Абзамов және патрульдік қатардағы Аяпбергенов пен Сатыбалдиев мұз жамылған бөгеттен көмек сұраған дауыс естіген. Толық мұз қатып үлгермеген тереңдігі бір жарым метр бөгетке бала түсіп кетіп, шыға алмай көмек сұраған. Патрульдің бірі бөгетке сүңгіп, қалған екеуі жағада тұрып баланы шығарып алды», — дейді майор Төртбаев. Тез арада Дереу жауап беру қызметінің көлігі келіп, әскерилерді санитарлық бөлікке, ал баланы ата-анасына жеткізген. Қазіргі таңда екеуінің де жағдайы бірқалыпты. Құтқарылған баланың ата-анасы әскери бөлімнің командиріне алғыс хат жазды, деп атап өтті ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының 5513 әскери бөлімі командирінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

 

Бүгін, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты
28 қазан, 17:22
«JAS QAZAQ» газетінің 10 жылдық мұрағаты зерттелді
28 қазан, 13:47
Президент Жолдауындағы басты бағыттар қандай?
27 қазан, 18:46
Алматыда жастар мен Жетісу ауданының тұрғындары қалдықтарды сұрыптау бойынша экологиялық акцияға қатысты
27 қазан, 18:25
Ақмарал Ещанова: Экологиялық туризмді дамыту табиғатты қорғаумен қатар жүруі керек
27 қазан, 14:57
Жанұзақ Махамбетов: Басты міндет – қала тұрғындарына жылуды үздіксіз жеткізу