jasqazaq.kz

«Сапасы көңілімді түсірді». Ерке Есмахан сотуардың қарайып кету себебін түсіндірді

21 қантар 2025, 10:10

Ерке Есмахан 50 мың теңгеге сатып жатқан сотуарының қарайып кеткені әлеуметтік желіде біраз сөз болды. Осыған қатысты әнші өз пікірін білдірді.

Ол: «Ерке Сотуар» менің идеям! Менің жүрегімнен шыққан туынды. Сіздерге менің ақ тілегім, оған күмән болмасын. Бірақ сапасы жағы көңілімді түсірді. Өзім шокта болдым. Кей сотуарлар өңін өзгертіп жатыр екен. Неше күннен бері командамен мұның себебін зерттеп жатырмыз.
Шебер бұл жерде екі себебі бар дейді: біріншісі, 100% қолдан шыққан бұйым болғандықтан, кейбіреулерінде ақау бар деп мойындап тұр. Екіншісі, күміске алтын жалатылғандықтан, тағушының денсаулығында ақау болса, бұйым өңін өзгертеді дейді. Күміс — емдік металл. Мұны да естен шығармайық», — деп жазды.

Әнші кінәсін мойындап, бұл мәселені аяқсыз қалдырмайтынын жеткізді:

«Осының бәрін дұрыстап қадағаламаған менің және командамның кінәсі. Қазақ шеберлері барлық бұйымды мінсіз жасап беретініне сендім, бірақ made in Kazakhstan, енді қайтемін, ондай болады біздің елде. Кемшілік іздеп, оны тауып, қуанып жариялап жатқандарға ештеңе айта алмаймын. Жақсы атқа да, жаман атқа да қалатын өзім-ай, өзім.
Енді айтарым, қыздарым! Егер сотуар қарайып, өзгеріп жатса, командаға хабарласыңыздар, проблеманы шешіп береді. Еш уайымдамаңыздар. Мені таба алмай қалмайсыздар, алдарыңызда жүрмін. Қазақстанға қайтып келемін. Сондықтан бірнеше ақау сотуар үшін еңбегімізді, сіздерге деген тілегімізді жоққа шығармаңыздар».

 

 

 

Бүгін, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды
14 шiлде, 17:15
Ғиззат Байтұрсынов: «Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы цифрлық мемлекет құруға бағытталған
14 шiлде, 13:36
Иран Шархан: Мақсат –шикізатпен шектелмей, дайын өнім шығаратын өндірістік модельге көшу
13 шiлде, 15:45
Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту – өңір дамуының маңызды бағыты
12 шiлде, 13:59
Негізгі мақсат – өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын күшейту