jasqazaq.kz

Санкт -Петербургтегі қазақ студенттері Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады (видео)

17 желтоқсан 2016, 22:22

Әлеуметтік желіде Санкт-Петербургтегі қазақтардың Тәуелсіздік күнімен құттықтағанын көрсететін видео жарияланды. Онда жастар соңғы кездері сәнге айналған Mannequin Challenge флешмобын жасаған. Студенттер бейнекөріністе домбыраны, туды және «Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы құтты болсын! Питер қазақтары» деген жазуды бірнеше бөлікке бөліп ұстап тұр.

Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлады.

Mannequin Challenge — ғаламторда осы жылдың қарашасында тараған тренд-видео әрі флешмоб. Бұл сөз ағылшыншадан аударғанда «менекенге ұқсауға шақыру» болады. Онда адамдар қозғалмай қалады да, соны оператор түсіріп шығады. Мұнда музыка да болады. Әдетте оған Rae Sremmurd тобының Black Beatles әні қолданылып жүр.

https://youtu.be/waaioRYiI9M

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде