jasqazaq.kz

Санитар құл сияқты жұмыс істей ме?

12 желтоқсан 2016, 21:53

Тиесілі теңгені төлемеген! Павлодар облысында санитарлар шу шығарды. Қашыр аудандық орталық ауруханасыда қызмет етіп жүргендер кезекшілікпен қоса науқастарға тамақ тасиды, еден жуады, тіпті медбикелік қызмет те көрсетеді екен. Тек осы қосымша жұмыстар үшін оларға 8 жылдан бері көк тиын төленбепті. Жалақыдан өзге үстеме ақы төленуі керектігін енді білген санитарлар сол ақшаларын талап етіп жатыр.

ktk.kz хабарлағандай, бүгінге дейін еден мен дәретхана жуып, науқастарға тамақ тасыған санитарлардың енді аурухана басшыларына деген өкпесі қара қазандай. Айтуларынша, мойындарына ілінген әр жұмыс үшін қосымша ақы алу тиіс болған екен. Мұны былтыр ғана естіп білген бір топ адам жылдар бойы төленбей келген маңдай тер ақыларын енді есептеп те қойыпты.

Олеся Глебова, аурухана санитары:

– Сәуірде аттестациялық комиссия болды. Сол кезде өзгенің жұмысын істеп жүргенімізді білдік. Яғни мұндағы әр санитар – медбикелік, тамақ таратып беруші, еден жуушы болып тегін қызмет еткен. Ал заң бойынша бұл жұмыстарды бір адам емес, үш адам атқаруы керек. 2008 жылдан бері бұлар бізге төленуі тиіс 6 миллион теңгені бермеген.

Күн-түн демей науқастарға бас-көз болып, әжетхана тазалағандардың бірі – Ольга Махиненко.Үш балалы әйел екі бірдей ұлым колледжде ақылы оқиды дейді. Айына небәрі 32 мың теңге жалақы алған ол өзіне жылдар бойы тегін жұмыс істеткен ақ халаттылардан мұндайды еш күтпегенін айтады.

Ольга Махиненко, аурухана санитары:

– Жылдар бойы төленбей келген еңбегімді маған қазір берсе, екі баламның оқуын төлер едім. Олар қалада пәтер жалдап тұрады. Үш адамның жұмысын тегін істеппіз. Өздірінде де бала бар ғой. Бұлай істеуге қалай ғана дәті барды?

Тегін жұмыс істедік деп шамданған он үш санитар кейін еңбек басқармасына шағымданған. Аурухананың есепшісімен қоса мекеме құжаттарын түгел тексерген инспекция оларға шынымен де ақшаның дұрыс аударылмай келгенін анықтапты. Бұдан кейін қызметкерлеріне соңғы екі жылда төленбеген 1,5 миллион теңгеден асатын соманы өтеуге бас дәрігер сөз беріпті. Ал оны жауапкершілікке тартуды ұсынған еңбек басқармасындағылар бұл іске нүкте қойылар күн алыс емес деп отыр.

Елена Добравольских , Павлодар облыстық Мемлекеттік еңбек инспекторы:

– Санитарлар расында қызметтік бөлмелер мен дәретханаларды жуған. Тексеріс нәтижесінде бұған жол берген бас дәрігердің әкімшілік жауапкершілікке тартылуын ұсындық. Ұжымдық арыз қабылданғанымен, сот бұл істі жеке дау ретінде қарау керек деп шешті. Бірақ біз бұған апелляциялық шағым жаздық.

Санитарларға еден мен дәретхана жуғызған бас дәрігердің кінәсі дәлелденсе, 300 мың теңгеден асатын айыппұл төлеуі мүмкін. Ал миллиондаған берешегін есептеген 13 санитар істі соңына дейін жеткізбей қоймаймыз деп отыр.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде