jasqazaq.kz

Samsung басшысы тұтқынға алынды

17 ақпан 2017, 9:19

Сеул соты ел президенті Пак Кын Хе айналасындағы ірі жемқорлық дауына байланысты парақорлық бойынша айып тағылып отырған Samsung корпорациясының басшысы Ли Чжэ Ёнді тұтқындауға ордер берді.

Baq.kz хабарлағандай, Рёнхап агенттігінің мәлімдеуінше, іс бойынша сот шешімі шыққанша корпорация басшысы ел астанасынан 15 шақырым жердегі Йыван қаласының түрмесінде болады. Істі тергеу 28 ақпанға дейін аяқталуы тиіс және Оңтүстік Корея президентінің міндетін атқарушы премьер-министр Хван Гё Анның келісімімен бір айға ғана ұзартыла алады.

Жемқорлық дауы 2016 жылдың қазан айында тұтанған болатын. Басылым беттерінде Samsung және өзге де оңтүстіккорейлік ірі корпорациялардың үкіметтен жеңілдік алғаны, қайтарым ретінде президенттің құрбысы Цой Сун Силь құрған қорларға ірі көлемде қаражат аударғандары туралы ақпарат жарияланды.

Хабарланғандай, ешқандай мемлекеттік лауазымды иеленбеген әйел өзінің жоғары байланыстарын пайдалана отырып, президент әкімшілігі істеріне араласқан және пайда тапқан.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде