jasqazaq.kz

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның бұрынғы басқарушы директоры халықаралық іздеуге жарияланды

23 мамыр 2025, 12:53

Сурет: Depositphotos.com

«Көк-Төбе» тұрғын үй кешенінің құрылысынан миллиардтар ұрланып, «Samruk-Kazyna Construction» бұрынғы басқарушы директоры халықаралық іздеуге жарияланды, деп хабарлайды jasqazaq.kz ҚМА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарушы директоры мен «Дорстройтрест» ЖШС басшысына қатысты тергеп-тексеруді аяқтады. Олар «Көк-Төбе» көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

«2022 жылғы қаңтарда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ мен «Дорстройтрест» ЖШС арасында құрылысқа инвестиция салу туралы келісімшарт жасалып, 2,6 млрд теңге көлемінде аванс төленген. Алайда құрылыс жұмыстары белгіленген мерзімде аяқталмаған және өрескел бұзушылықтармен жүргізілген. Ал аванс күдіктілер тарапынан құрылысқа қатысы жоқ қарыздарды өтеуге және автокөлік сатып алуға жұмсалған. Сонымен қатар, 650 млн теңге жалған шарттар арқылы компаниялардың шоттарына аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған», — делінген хабарламада.

Қылмыстық жолмен алынған кіріске 23 млн теңге тұратын екі автокөлік сатып алынып, оларды тәркілеуден жасыру мақсатында сенімді адамдардың атына рәсімделген.

Сот санкциясымен күдіктілердің 170 млн теңге тұратын барлық мүлкіне – 5 автокөлік пен Астанадағы пәтерге тыйым салынды.

Күдіктілерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның бұрынғы басқарушы директоры халықаралық іздеуге жарияланды.

JQ-Aqparat

25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста