jasqazaq.kz

Самокатшылар 30 тамызға дейін ғана «тайраңдай» алады

07 тамыз 2023, 14:46

Қазір ірі қалалардағы көшелерде мопед пен электроскутер жүргізушілерге «сот жоқ». Көшеде қалай жүргісі келсе, солай жүреді. Бірақ жиырма шақты күннен кейін тайраңдай алмайтын болды. 30 тамыздан бастап, жол ережесін бұзған самокатшыларға айыппұл салынады. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова айтып берді.

Мемлекет басшысы 29 маусым күні «Жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды. Заң ресми түрде жарияланды және 30 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Осы заң арқылы «Жол қозғалысы туралы» заңға түзетулер енгізілді. Олар көлік құралдарының жаңа түрлерінің – «Электр скутері» мен «Шағын электр көлік құралдарының» мәртебесін анықтады.

Шағын электр көлігіне гироскутерлер, сигвейлер, монокөліктер, электр скейтбордтар және басқа түрлері жатады.
Электрлік скутер – екі немесе үш дөңгелегі бар, электр қозғалтқышын пайдалану арқылы бір адамның қозғалуына арналған, орындығы жоқ, максималды конструктивтік жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан аспайтын электрлі көлік құралы.
«Бұл — оларды пайдалану тәртібін заңнамалық тұрғыдан бекітудегі алғашқы қадам. Бұған дейін электр самокаттары мен шағын электр көліктері заң аясынан тыс қалған болатын. Енді бірінші кезекте біз оларды қауіпсіз пайдалану жөніндегі талаптарды бекіттік. Бұл жолаушыларды тасымалдауға, жаяу жүргінші өткелдерінен өтуге, жарық шағылыстыратын заттарды қолдануға және басқа да жолдағы жеке қауіпсіздік мәселелеріне қатысты», — деді Ақтоты Боранова.

Қолданыстағы заңнамада осы заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік қарастырылған. Құқық бұзушылықтар анықталса, олар ӘҚБтК 593-бабы (5 АЕК айыппұл) немесе ӘҚБтК 620-бабы (ескерту немесе 3 АЕК айыппұл) бойынша жауапқа тартылады.
«Әкімдіктер және кикшерингтік компаниялармен бірлесіп, тротуарларда, жолдарда және велосипед жолдарында қозғалыс жылдамдығын бағдарламалық реттеуді енгіземіз. Құқық бұзушылардың жеке басын анықтау және скутермен жасалған қылмыстарды ашу үшін скутерді кім, қашан және қандай маршрут бойынша пайдаланғанын есепке аламыз. Скутерлер тұрағы үшін арнайы орындарды анықтаймыз», — деді А. Боранова.

JQ-Aqparat

Бүгін, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
Бүгін, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс
24 маусым, 13:56
Бахытжан Бокебаев: Уважение к языку — показатель развития общества
24 маусым, 13:55
В Туркестанской области построят завод по глубокой переработке цветных металлов и производству кабельной продукции
23 маусым, 13:03
Туркестан: в государственную собственность возвращено почти 50 тысяч гектаров земель
23 маусым, 13:01
Туркестан: Новые проекты в сфере животноводства и переработки сельхозпродукции
22 маусым, 13:53
Нурлыбек Налибаев в ходе рабочей поездки в Туркестанскую область обсудил вопросы развития экотуризма
22 маусым, 13:51
Туркестанская область: восемь лет масштабного развития социальной инфраструктуры
22 маусым, 13:49
Туркестан: инвестиции, индустриализация и новые точки роста