jasqazaq.kz

Самат Талғатұлы: Түркістандағы ауыл тұрғындарына оңалту қызметтері қолжетімді бола түсті

05 маусым 2025, 12:35

Түркістан облысында мүгедектігі бар азаматтарды оңалту қызметтерімен қамту мәселесі жүйелі түрде шешімін тауып келеді. Бұл жөнінде Түркістан облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Самат Талғатұлы мәлімдеді.

– Ауылдық жерлерде тұратын мүгедектігі бар азаматтар үшін оңалту орталықтарының қолжетімділігі – бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі. Бұл бағытта нақты жұмыстар атқарылуда. Қызмет көрсету Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бекіткен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады, – деді Самат Талғатұлы.

Оның айтуынша, мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер кешені 8 бағытты қамтиды:
әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-құқықтық және әлеуметтік-экономикалық көмек.

Басқарма мәліметіне сәйкес, облыс көлемінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 29 мемлекеттік орталық жұмыс істейді. Оның 8-і басқармаға, ал қалған 21-і аудан және қала әкімдіктеріне қарайды. 2024 жылдың басынан бері бұл орталықтарда 6 751 азамат қызмет алған. Оның ішінде 872 адам – стационарлық жағдайда, 611 адам – жартылай стационарда (күндізгі қатынау), 5188 адам – үйде қызмет алған.

– Біз әр азаматқа оның жағдайына қарай икемделген қызмет түрлерін ұсынамыз. Оңалту шараларын барынша ыңғайлы әрі қолжетімді ету – біздің басты міндетіміз. Қызметтер әлеуметтік қызметтер порталы арқылы рәсімделеді, бұл өз кезегінде ашықтық пен тиімділікті қамтамасыз етеді, – деп атап өтті Самат Байғұтов.

Маңызды жобалардың бірі ретінде Сауран ауданы, Ораңғай ауылында салынған жаңа оңалту орталығы айтылды. Бұл нысан 2021-2025 жылдарға арналған Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары аясында бой көтеріп, 2024 жылы пайдалануға берілді. Жаңа орталықтың жалпы сыйымдылығы – 200 орын, ал биылдың өзінде мұнда 698 мүгедектігі бар азамат оңалту қызметтерін алған.

– Бұл орталыққа облыстың барлық аудан-қалаларынан 1 және 2 топтағы мүгедектігі бар адамдар қабылданады. Әр азаматқа жеке оңалту бағдарламасы жасалады. Заманауи жабдықтар мен білікті мамандардың көмегімен сапалы қызмет көрсету – басты назарда, – деді Самат Талғатұлы.

Айта кетейік, қызмет алушылар оңалту орталықтарына жергілікті әкімдіктердің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің сүйемелдеуімен, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жолданады.

Олжас Әбдіхалық

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі