jasqazaq.kz

Самат Мұсабаев: Мемлекеттік қызметке өту сынағында қазақ тілі ескерусіз қалады

05 сәуiр 2023, 15:15


Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат Самат Мұсабаев мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде өткізілетін тестілеуде қазақ тілі есепке алынатын норма енгізу туралы ұсыныс тастады.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының атына депутаттық сауал жолдаған Самат Мұсабаев: «Бүгінгі өзекті мәселе — мемлекеттік қызмет саласындағы қазақ тілінің жағдайы. Заңмен бекітілген биік мәртебесіне қарамастан, бүгінгі күнге дейін мемлекеттік қызмет саласында ана тіліміздің ресми тілдің тасасында қалып отырғаны жасырын емес. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығына сәйкес, мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидасында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тестілеуден өту үшін — мән белгіленбейді» деп жазылған. Демек бұл мемлекеттік қызметке өту барысындағы тапсырылатын тестілеуде қазақ тілінің қажеттілігі жоқ екенін білдіреді», — деді.

Депутаттың айтуынша, «Б» корпусының мемлекеттік қызметке өту сынағында 9 нормативтік-құқықтық актілер бойынша қамтылған 130 сұрақтың белгілі бір межесі көрсетілген. Ал қазақ тілінен өту межесі айқындалмаған.

«Бізге түсініксіздігі, мемлекеттік қызметке өткен азаматтарға берілетін сертификатта «Үміткер Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамаларын білуге арналған тестілеуден сәтті өтті» деп жазылады. Бұл барып тұрған көзбояушылық емес пе? Сондықтан мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде өткізілетін тестілеу кезінде қазақ тілі есепке алынып, үміткер 100 пайыз мемлекеттік тілден оң нәтиже шығару керек деген нормалар енгізілсін», — деді Мәжіліс депутаты.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде