jasqazaq.kz

Салығы төленбеген көлік айып тұрағына қойылады

24 наурыз 2017, 11:07

Алматыда наурыздың соңына дейін салығы төленбеген мыңнан аса көлік айып тұрағына қойылады. «Алматының Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасы сот органдары мен сот орындаушыларын іске тарта отырып, көлік салығы бойынша қарыздарды өндіруге қатысты кең ауқымды жұмыс жүргізеді. Қазір сот органдары 371 миллион теңге қарыз бойынша 1 704 жарлық шығарды.  Жарлықтар негізінде осы уақытқа дейін 250 көлік айып тұрағына қойылды. Қалған 1 454 көлік наурыздың соңына дейін айып тұрағына қойылады. Бұл туралы Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасына сілтеме жасап, tengrinews.kz хабарлады .

Сонымен қатар, барлық борышкердің Қазақстан аумағынан шығуына шектеу қойылып, жүргізуші куәлігінің жарамдылығы тоқтатылады, мүлкі мен банктегі есепшотына тыйым салынады. «Жайсыз жағдайға тап болмау үшін көлік салығы бойынша қарыздарды наурыздың соңына дейін өтеуге шақырамыз», — дейді ведомство өкілдері.

 

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде