jasqazaq.kz

Салықтан қашқан 125 мың

27 қазан 2016, 15:49

saly

Алматы облысында салық төлеуден жалтарып жүрген 125 мың борышкер бар. Олар  мемлекетке 87 млн теңге берешек.

Қазіргі таңда құзырлы органдар салық төлемей жүргендерге шет мемлекеттерге шығуға шектеу қою және басқа да шаралар қолдана бастады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде мемлекеттік кіріс департаментінің өкілдерінің баспасөз брифингі барысында мәлімдеді. Өңірде пәтерін жалға берушілер, заңсыз жолаушы тасымалдаушылар мен әлеуметтік желілер арқылы сауда-саттық жүргізушілер туралы мәліметтер базасы жинақтала бастады. Себебі олар кәсібін салық төлемей жүргізуде.

saly0-1

«Қымбат-қымбат машина, қымбат-қымбат коттедж, мысалы сіздің хабарламаңыз бар ма, осыны сатам, үй сатам деген. Соның бәрі сіздің фамилияңыз, сіздің ИИН-іңіз бар барлық желіден жиналып, сізді тексеруге алады деген аналитикалық ақпарат шығады», — деді Алматы облыстық мемлекеттік кіріс департаменті басшысының орынбасары Таукен Ошақбаев.

Сондай ақ брифинг барысында  жыл басынан бері Алматы облысында салық түсімі 188 млрд теңгеге жуықтағаны мәлім болды.

ҚазАқпарат

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі