jasqazaq.kz

Салтанат Нүкенованың ағасы: «Келесі жолы өлтіреді, кетіп қал» дедім

29 наурыз 2024, 13:36

Былтыр қарашада келіншегін ұрып өлтірді деген күдікке ілінген Қуандық Бішімбаевқа қатысты сот отырысы бүгін таңертең жалғасты. Салтанат Нүкенованың ағасы Амангелді Айтбек өткен жылы наурызда оның қалай соққыға жығылғанын егжей-тегжейлі баяндап, бет-аузы көгерген суреттерін де көрсетті. Сол жолы қарындасына «мына түрімен келесі жолы сені өлтіреді, кетіп қал» десе де, көндіре алмаған.

Сондай-ақ ол Салтанаттың өлімі туралы алғаш кімнен естігенін де айтып берді.

«Кешкі 8-9 шамасында ас ішіп отырғанда Салтанаттың құрбысы Ленара телефон шалды. Ол қатты толқып «рас па» деп сұрады. Мен «жәй қауесет шығар» деп оны сабырға шақырдым», — деді ол.

Содан кейін Салтанатқа қоңырау шалғанын, оның жауап бермегенін, локациясын қарағанда телефоны үйде екенін анықтаған. Үйіне барып, 5-ші қабатқа көтерілгенде есікті қаққан. Ешкім ашпаған соң, үшінші қабаттағы Қуандықтың әке-шешесінің пәтерін қаққан. Онда да ешкім ашпаған. Ақырында 102-ге хабарласып, шынымен Салтанаттың қаза болғанын естіген.

Айта кетейік, Бішімбаевқа қатысты сот процесі онлайн режимде көрсетілуде. 27 наурыздағы сот отырысында экс-министр кінәсін мойындамайтынын, оған оқиғаның мән-жайын баяндауға пұрсат та берілмегенін мәлімдеген болатын.

JQ-Aqparat

Сурет: сот отырысынан 

 

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі