jasqazaq.kz

Сәкен Майғазиев: «Болмайтын адам өнбейтін істі даулайды»

09 сәуiр 2024, 10:38


Әнші Сәкен Майғазиев “су тасқыны кезінде әншілер үнсіз қалды” деп айыптаған халыққа басу айтты. Бұл туралы өнер иесі әлеуметтік желіге жазды.

“Су алып жатқан жерлердің баршасына шамамыздың келгенінше біз де үлесімізді қосып жатырмыз. «Қарға өшін тырнадан алыпты» демекші, кез келген нәрсеге әншілерді, өнер адамдарын қосып, ғайбаттаудың қажеті жоқ. Біз де осы қоғамның бір мүшесіміз, азаматымыз. Әріптесіміз Сержан Молдасанұлы айтпақшы, әншілерден артық ұйымшыл ұжым жоқ. Арыстағы жағдай болсын, Мақтааралды су басқанда да, басқа да жағдайларда басы-қасынан табылдық. Өте ұйымшылмыз, бір-біріміздің сөзімізді сөйлеп, сойылымызды соғуға дайынбыз.

Жүрегімізбен, жанымызбен сіздермен біргеміз. «Қасымызда болыңдар» десеңіздер, баруға дайынбыз. Әншілер шамасы келгенше қаржылай қолдау көрсетіп жатыр. Жағдайы барлар миллион теңгеден, жағдайы жоқтар кем дегенде 100 мыңнан аударды. Айту керек болса, осыны да айтайық. Дұрысынан түсініңіздер. «Болмайтын адам өнбейтін істі даулайды» деген сөз бар, болмайтын сөзді айта бермейік. Бәріңізді құшақтадым», – деп ағынан жарылды әнші

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі