jasqazaq.kz

Сәкен Майғазиев: Баламызды «өсіп-өнгір, тұқымың көбейгір, көктеп-көгергір…» деп қарғайық

19 қантар 2024, 12:17

Әнші Сәкен Майғазиев әлеуметік желіде балаларына ашуланатын ата-аналарға жазба арнады.

«Кейде кейбіріміз құлыншақтарымыз құтырып кетсе, бұзықтық жасап, шектен шығып жатса (абайламай) қарғап-сілеп жатамыз. Мынау тентек сенің балаң ба десе: “Ия, бұл әкең… бұзық, сотқар, жынды, бандит, xулиган…”, — деп қалатынымыз да жасырын емес. Балаларымызға ұрысқанда да, “Өсіп-өнгір, тұқымың көбейгір, көктеп-көгергір, жапырағың жайқалғыр…”, деп “қарғайық”. Имандым, саналым, ақылдым, білімдім, батырым т.с.с жақсы сөздермен еркелетейік.

1984 жылдан бері бас имамдық міндетін атқарған әл-Судайс “Анамның “қарғысымен” имам болдым” деп еске алады: “Кішкентай кезімде тентектік жасасам анам маған ашуланып “Қағбаға имам болғыр, Судайс”, -дейтін. Анамның осы «қарғысы» маған берген ең жақсы батасы болып шықты. Өскенде, Қағбаға имам болдым”, — деген екен.
Алла тағала баршамызға салиx ұрпақ нәсіп еткей», — деді өнер иесі.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі