Сайын даланың желі – энергия көзі

26 мамыр 2023, 12:21

Елімізде 2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл Қазақстан» Ұлттық жобасы жүзеге асырылып келеді. Ұлттық жоба аясында жасыл экономиканы жандандырып, қоршаған ортаның бүлінбеуін қадағалап, табиғатқа жанашырлық танытуға басымдық беріліп отыр. Қазақстанның кейбір өңірлерінде көмірқышқыл газының шамадан тыс бөлініп, ауаны ластауын төмендету, еліміздің шөлейтті аймаққа айнала бастаған жерлерін қайта жандандыру мақсатында көптеген игі шаруалар жүзеге асырылып келеді. Соның ішінде табиғи қуат көздерінен энергия өндірудің маңызы зор.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында: «Біз жүргізіліп жатқан саяси реформалар кешенді экономикалық реформалармен қатар жүруі тиіс екеніне сенімдіміз. Дәл осы тәсіл бізге орташа табыс тұзағынан шығып, дамудың келесі деңгейіне өтуге мүмкіндік береді. Сондықтан біз шын мәнінде нарықтық, еркін және бәсекеге қабілетті экономика құруға бағытталған ел үшін жаңа экономикалық бағытты жүзеге асырып жатырмыз. Жасыл экономиканы дамыту, энергия тиімділігін арттыру және жаңартылатын энергия секторын дамыту біздің төмен көміртекті даму стратегиямыздың басымдықтары болады, ол 2060 жылға қарай нөлдік шығарындыларға оңтайлы жол береді», – деген еді.
Осының негізінде елімізде жел энергиясын өндіретін стансалар да көптеп салынып жатыр. Мәселен, Абай облысы мен Жетісу облысының жерінде желден энергия өндіретін екі станса салынып, іске қосылды. Абай облысындағы «Абай-1» ЖШС-не қарасты жел энергия стансасында бірнеше адам тұрақты жұмыс істейді. 100 МВт жиынтық қуатымен электр энергиясын өндіретін «Абай-1» стансасы былтырғы жылдың маусым айында іске қосылып, пайдалануға берілді. Ал Жетісу облысы, Сарқан ауданы, Лепсі ауылдық округінің аумағында бой көтерген «Абай-2» жел энергия стансасы тәулігіне 50 МВт электр қуатын өндіруге қауқарлы. Сарқан ауданындағы ірі инвестициялық жобаның жалпы құны 19 млрд теңгеден асып жығылады. Осы жылы Жетісу облысында бұдан бөлек тағы да электр энергиясын өндіретін үш станса салынып іске қосылады. Олардың барлығы да су электр стансалары болмақ. Бүгінгі таңда бұл облыста энергияның көзін инновациялық жоба арқылы өндіретін оннан астам нысан жұмыс істеп тұр. Сарқан ауданы, Лепсі ауылдық округінің аумағында салынған жел электр стансасының құрылысы 2019 жылы қолға алынып, кезең бойынша жүзеге асырылып, былтырғы жылы аяқталды. Желдің өтінде орналасқан станса жылдың төрт мезгілінде электр энергиясын өндіруге қауқарлы. Құрылыстың монтаждау жұмыстары былтырғы жылдың қараша айында аяқталып, толық пайдалануға берілді.

Ғалымжан Маманбаев, Сарқан ауданының әкімі:

«Біздің ауданымызда алдағы уақытта су электр стансалары да салынып, «жасыл экономиканы» дамытуға серпін беретін жобалар іске қосылады. Былтырғы жылдың қараша «Абай-2» жел энергия стансасы тестілік режимде іске қосылып, бүгінгі таңда тұрақты түрде электр энергия көзін өндіріп жатыр. Жел энергия стансасының құрылыс жұмыстары басталғанда да ауданымыздың бірнеше адамы жұмыспен қамтылды. Қазір станса іске қосылғаннан кейін де бірнеше маман тұрақты жұмысқа орналасып еңбек етіп келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, жасыл экономиканы дамытуда осындай қуат өндіру стансаларының тигізетін пайдасы зор».

Расында да, Жетісу облысының Сарқан ауданында «жасыл энергия» көзін ашып, қуаттылығын ұлғайту бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізіліп келеді. Бұл өңірде бес бірдей су электр стансасы салынуы тиіс болса, оның екеуі іске қосылды. 2025 жылға дейін Жетісу облысында 10 су электр стансасы, 2 жел электр стансасы және 1 күн электр стансасын салу жоспарланған. Осылайша өңір тұрғындарының электр энергиясына деген сұранысын орындап, қуат көзіне деген зәрулікті азайтады.

Қуан Көшек,
Жетісу облысы

18 сәуiр, 13:34
Түркістан: облыс полициясы 8 тәулік ішінде 2312 құқық бұзушылықты анықтады
17 сәуiр, 15:44
Түркістан: Сайрамдық полицейлер алаяқтықтың алдын алды
16 сәуiр, 12:24
Түркістан: Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылыққа жол берілмейді
16 сәуiр, 12:05
Қайрат Нұрқасымов: Алматы Индустриялық аймағы – қала экономикасына серпін береді
12 сәуiр, 20:37
Түркістан: Полиция полковнигі жастарға есірткінің зардабын түсіндірді
12 сәуiр, 12:11
Түркістан: Сайрам ауданында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы өтуде
12 сәуiр, 12:10
Түркістан: Жетісай полицейлері «Заң және тәртіп» жобасын іске асыруда
11 сәуiр, 16:06
«Нөлдік төзімділік»: Түркістан полициясы 700-ден астам құқық бұзушыны анықтады
11 сәуiр, 15:50
Түркістан: Алаяқтар қашып құтылмайды