jasqazaq.kz

Сайранның түбі 50 жылдан бері алғаш рет тазартылып жатыр

12 мамыр 2023, 17:05

Алматыда үш қалалық көлді тазарту жалғасуда. Сайран, Қарасу және Әуежай көлдері осы жылдың наурыз айынан бастап қоқыс пен лайдан тазартылып жатыр. Көл түбін құрғату үшін Есентай, Үлкен Алматы және Кіші Алматы өзендерінің ағысы тоқтатылды.

Сайран су қоймасының түбі соңғы 50 жылда алғаш рет механикалық тазартылуда. Арна мен жағалауды тазартуға 4 экскаватор мен 30 самосвал жұмылдырылған. Аумағы 60 га, жұмыс басталғалы 140 мың м3 қоқыс пен лай шығарылды. Тазалау жұмыстары жақын күндері аяқталады.

Сонымен қатар, Үлкен Алматы өзенінің №1 тұндырғыштан Абай даңғылына дейінгі бөлігі, Есентай өзенінің жекелеген аумағы және Кіші Алматы өзенінің Әл-Фараби даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейінгі аумақ санитарлық тазартудан өтеді.

Механикалық тазартудың негізгі мақсаты – биологиялық үдерістерді сақтау және су айдындарының экологиялық тепе-теңдігін қалпына келтіру үшін жағдай жасау.

JQ-Aqparat

13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі