jasqazaq.kz

Сайлаубек әркімнен 23 теңге сұрайды

23 желтоқсан 2016, 17:37

Түсініксіз тілде рэп оқып, әлеуметтік желі арқылы танымал болған МС Сайлаубек жаңа бейнебаянын телеарналарда көрсету үшін халықтан қаржылай көмек сұрады.

Baq.kz хабарлағандай, «Қазақстандықтар! Біз өздеріңізге өтініш жасауды жөн санадық. Жаңа клип түсіріп, оны музыкалық арналар мен әлеуметтік желілерде тарату үшін бізге қаржылай көмек қажет. Егер МС Сайлаубектің желідегі 86 мың оқырманы 23 теңгеден беретін болса, жақын арада қажетті соманы жинап, лайықты түрде жарыққа шығарар едік Біз осы мақсатта Краудфандинг өткізу туралы шешім қабылдадық», — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

МС Сайлаубек жиналған қаражат толықтай «Қазақша флоу» бейнеклипіне жұмсалатынына кепілдік беріп отыр.

«Ақшаның бір бөлігі Red Dragon камерасын, ғимарат пен жарық беру құрылғыларын жалға алуға жұмсалатын болады. Бізге қазір 2 000 000 теңге қажет», — дейді ол.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде