jasqazaq.kz

Сағат белдеуі туралы тартысқа нүкте қойылды

11 наурыз 2025, 15:34

Сағат белдеуінің ауысуына байланысты айтыс-тартыс көп еді ғой. Соған бүгін нүкте қойылыпты.

Бүгін үкімет жиынына қатысқан Сауда министрі Арман Шаққалиев: «Қазақстандықтардың денсаулығына, еңбек қабілетіне және басқа параметрлер бойынша мониторинг жасалды» деп мәлімдеді.

Олардың айтуынша, UTC+5 сағаттық белдеуіне орала отырып, ұлттың табиғи биоритмін қалпына келтірмек екен. Еліміздің үлкен бөлігі осы сағаттық белдеуде орналасқанымен, 1930-31 жылдары «бұйрықтық» уақыт, яғни UTC+6 белдеуіне көшірілген. Кеңес заманында Қазақстанда табиғи сағат белдеуін 8 рет ауыстырған. Нәтижесіне, Қазақстан өзінің табиғи сағаттық белдеуін жоғалтып алған.

2024 жылдың ақпанында еліміз бірыңғай сағаттық белдеуге, яғни, өзінің табиғи уақытына ауысты. Мұндай шешімге келуге еліміздегі және шетелдегі ғалымдардың пәтуасы себеп болған екен. 2017 жылы физиология және медицина саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары Джефри Холл, Майкл Розбаш және Майкл Янг сағат тілін «жазғы» және «қысқы» деп өзгерту адам денсаулығына орасан зиян екенін дәлелдепті. Олардың бұл жаңалығы Барселона декларациясына енген. Ал Барселона декларациясына әлемнің 80-нен астам мемлекетінде тұратын оқымысты-ғалымдар мен түрлі ұйымдар қол қойыпты.
Қазіргі сағаттық белдеуде Қазақстан тұрғындарының 76 пайызы, яғни, 15 млн 240 мың адам тұрады.

Жалпы, өз басым уақыттың ауысқанынан түк “зардап” шекпедім. Тек, ертерек жатып, ұйқым бір сағатқа қанып оянатын болдым.
Қорыта айтқанда, бәріміз енді осы уақыт белдеуінде қаламыз.

Тоқтар Жақаш

Фото: ulysmedia.kz

Бүгін, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
Бүгін, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
07 қараша, 10:32
Газ өңдеу зауыттары: Әртараптандырудағы айқын қадам
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі