jasqazaq.kz

Сағадат Нұрмағамбетовтың жүз жылдық мерейтойында жас сарбаздар Отанға адал болуға ант берді

27 мамыр 2024, 11:31

Кеңес Одағының Батыры, №1 Халық қаһарманы, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері әскери институтының «Әли» оқу-жаттығу орталығы сарбаздарының әскери ант қабылдау рәсімі батырдың ғасырлық мерейтойымен тұспа-тұс келді.

Сағадат Нұрмағамбетов ескерткішіне гүл шоқтарын қойғаннан кейін Құрлық әскерлері әскери институтының «Әли» оқу-жаттығу орталығында салтанатты түрде әскери ант беру рәсімі өтті.

Іс-шараға әскери жоғары білім ордасы мен оқу-жаттығу орталығының басшылығы, оқытушылар мен нұсқаушылар, әскерге жаңа келгендердің туған-туыстары қатысты.

Көктемде әскер қатарына алынған 46 сарбаз салтанатты жағдайда Отанға және Қазақстан халқына адал болуға ант берді. Жас жауынгерлерді осындай айтулы күнмен институт басшылығы мен олардың туыстары құттықтады.

Бір айлық қызмет барысында сарбаздар жас жауынгер курсын оқып, жалпыәскери жарғыларды, қарудың тактикалық-техникалық сипаттамаларын үйренді, саптық, атыс және дене шынықтыру дайындығынан өтті.

– Бүгін – маңызды күн. Мұндай оқиға әскери қызметшінің өмірінде бір-ақ рет болады. Отанға қызмет ету үшін әскерге өз еркіммен келдім. Бұл әр адамның борышы деп санаймын, – деді Түркістан облысынан әскерге шақырылған сарбаз Оспан Ерғали.

Іс-шара соңында сарбаздар саптық алаңда салтанатты маршпен жүріп өтті. Ресми бөлімнен кейін институт басшылығы мен оқу орталығының өкілдері әскери қызметшілердің ата-аналарымен әңгімелесіп, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Келген қонақтарды әскери қызметтің шарттармен таныстырып, оларға оқу аудиторияларын, казарма мен асхананы көрсетті.

Бүгін, 19:25
Мереке күні Алматы облысында 120 гектардан астам аумақ тазартылды
30 сәуiр, 20:11
Әрекеті әлеуетімен үйлескен өңір
30 сәуiр, 18:20
Қызылорда облысы: экономикадағы оң динамика
30 сәуiр, 16:53
Марат Сұлтанғазиев: тәртіп бар жерде тазалық та бар
30 сәуiр, 15:34
Туркестан: Усилен контроль за работой недропользователей
30 сәуiр, 15:29
Туркестан: В Жетысайском районе будет запущено 14 инвестиционных проектов
30 сәуiр, 15:02
Ержан Бабақұмаровты өлтірген адамға сот үкімі шықты
30 сәуiр, 14:59
Астанинские 3000 школьников исполнили песню "Ақ көгершін" ко дню единства
30 сәуiр, 14:50
Туркестан: В регионе динамично развивается сельское хозяйство